Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 749 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 03.06.2021

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
749-бап. Клиенттiң ақшасына билiк ету

1. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) клиенттiң банктегi (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы) ақшасын алып қоюды егер заң актiлерiнде немесе банктiк шот шартында өзгеше көзделмесе, клиент өкiмiнiң негiзiнде жүзеге асырады.  

Егер заңдарда немесе банктiк шот шартында өзгеше көзделмесе, банк клиенттiң ақшаны пайдалану бағытын белгiлеу мен бақылауға және оның өз қалауынша ақшаға билiк ету құқығына заңдарда көзделмеген шек қоюға құқығы жоқ.  

2. Егер ақшаны азамат салған болса, банктегi (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы) ақшаға билiк ету құқығын не азаматтың өзi, не ол осы құқықты сенiп берген адам пайдаланады.  

Егер ақшаны заңды тұлға салған болса, банктегi (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы) ақшаға билiк ету құқығын осы заңды тұлғаның басшысы және (немесе) ол уәкiлдiк берген өзге адамдар пайдаланады.  

3. Банктегi (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы) ақшаға клиент атынан билiк етудi жүзеге асыратын адамдардың құқықтары клиент банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) заңдарда және шартта көзделген құжаттар ұсыну арқылы расталады.  

4. Банктiк шот шартында банктегi (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы) ақшаға билiк етудiң тәртiбi белгiленуге тиiс. Мұндай тәртiпке қойылатын талаптар банктiк заңдармен белгiленедi.  

Ескерту. 749-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
750-бап. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) банктiк шот шарты бойынша орындайтын операциялар 

Ескерту. 750-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Банктiк шот шартына сәйкес банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):  

1) клиент талап еткен кезде ақшаның болуын қамтамасыз етуге;  

2) клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға;  

3) клиенттiң үшiншi тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы өкiмiн орындауға;  

4) үшiншi тұлғалардың, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) банктiк шот шартында көзделсе, клиенттiң ақшасын алып қою туралы өкiмдерiн орындауға;  

5) банктiк шот шартында белгiленген тәртiп бойынша клиенттен қолма-қол ақша алуды және оған берудi жүзеге асыруға;  

6) клиенттiң талап етуi бойынша клиенттiң банктегi (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы) ақша сомасы және жүргiзiлген операциялар туралы ақпаратты шартта көзделген тәртiппен беруге;  

7) клиентке шартта, заңдарда және банктiк тәжiрибеде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуге мiндеттi.  

2. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) клиенттiң пайдасына келiп түскен ақшаны қабылдауға, сондай-ақ клиенттiң ақшасын алып қоюды немесе оның ақшасын берудi, егер заң актiлерiнде және соларға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шығарған нормативтiк құқықтық актiлерде өзге мерзiмдер көзделмесе, оның бір ізге түсірілген дербес коды бойынша тиісті нұсқаумен банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) келiп түскен күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей, сондай операцияларды көрсете отырып жүргiзуге мiндеттi.  

Ескерту. 750-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

751-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ№ 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

751-бап. Ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы


Банктегi ақшаны пайдаланғаны үшiн банк шартта белгiленетiн мөлшер мен тәртiп бойынша сыйақы төлейдi.  

Ескерту. 751-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 1999.11.29. N 486 Заңымен.
Статья 406 ...747 748 749 750 751 ...1124

Перейти к статье

Лучшие юристы

Арман
Райли Дэвид Киан
kzld
Спас Капитал
Мадияр

Все юристы

Новые комментарии на сайте





Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться