Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 818 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 03.11.2024

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
818-бап. Сақтандыру сыйлықақылары

1. Сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүргiзу мiндеттемелерiн қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы. 

Инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістерді (шығыстарды), сондай-ақ осы Кодекстің 845-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншік құқығымен тиесілі болады. 

2. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері шартта белгіленеді. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленеді. 

Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртібі мен мерзімдері шартта айқындалады. Міндетті сақтандыру кезінде олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалуы мүмкін. 

3. Тараптар сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн айқындау кезiнде, сақтандыру объектiсi мен сақтандыру тәуекелiнiң сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасы өлшемiнен өндiрiлетiн сақтандыру сыйлықақысының ставкасын белгiлейтiн сақтандырушы әзiрлеген сақтандыру тарифiн қолдана алады.  

4. Шартта сақтандыру сыйлықақысын мерзiмдiк сақтандыру жарналары түрiнде бөлiп-бөлiп төлеу көзделуi мүмкiн.  

5. Егер сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын бөлiп-бөлiп төлеу көзделген болса, шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды қоса алғанда, шартта кезекті сақтандыру жарналарын белгіленген уақытта төлемеудiң зардабы айқындалуы мүмкiн.  

6. Егер сақтандыру жағдайы енгiзу мерзiмi өтiп кеткен белгiлi бiр сақтандыру жарнасын төлеуден бұрын басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiнің мөлшерiн айқындау кезiнде мерзiмi өтiп кеткен сақтандыру жарнасының сомасын есепке алуға құқылы.  

Ескерту. 818-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2000.12.18. № 128 , 2006.02.20. № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07. № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 406 ...816 817 818 819 820 ...1124

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.



Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?


ҚР Еңбек кодексі 126-2-бап бойынша өзгеде кепілдіктері беріледі деген. Сол өзгеде кепілдіктерді толық қайдан қарауға болады?


Туған ағама бүйрек беріп донор болдым, инволидность боладыма, больничный қалай төленеді?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться