Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 817 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
817-бап. Сақтандыру мүддесі және сақтандыру жағдайы

Ескерту. 817-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Сақтандыру шарты сақтандыру мүддесінің болуын көздеуге тиіс. 

1-1. Сақтандыру мүддесі – жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тәуекелдерді болғызбаудағы және сақтандыру жағдайының басталуына жол бермеудегі мүліктік мүддесі. 

1-2. Сақтандыру жағдайы – басталған кезде сақтандыру шартында сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін оқиға. 

2. Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, ал өз еркiмен сақтандыру бойынша - тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.  

3. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиғада төменде санамаланған белгілердің барлығы (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда) болуға тиіс:  

оқиғаның басталу ықтималдығы мен кездейсоқтығы;  

оқиғаның басталуының нақты уақытына немесе орнына, сондай-ақ оқиғаның басталу салдарынан болған залалдардың мөлшеріне қатысты болжанбайтындығы;  

оқиға шарттың қолданылуы шегінде сөзсіз және объективті түрде болуға тиіс, бұлар жөнінде тараптар немесе ең болмағанда, сақтанушы көрінеу білді немесе алдын ала хабардар болды деген қауіптің болмауы; 

оқиғаның басталуында сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) мүліктік мүддесі үшін теріс, экономикалық тұрғыдан тиімсіз салдардың болуы; 

оқиғаның басталуы сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) ерік-қалауымен және (немесе) пиғылымен байланысты болмауы және пайда алу және (немесе) ұтыс алу (алыпсатарлық тәуекел) мақсатын көздемеуі. 

4. Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтiрген зияндарды дәлелдеу сақтанушының (пайда алушының, сақтандырылушының) мiндетiне жатады.  

Ескерту. 817-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2000.12.18 № 128, 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 406 ...815 816 817 818 819 ...1124

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться