Ст. 931 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
931-бап. Айналасындағыларға жоғары қауiп туғызатын қызмет (жоғары қауiптiлiк көздерi) арқылы келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
1. Қызметi айналасындағылар үшiн жоғары қауiптiлiкпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлiк ұйымдары, өнеркәсiп орындары, құрылыстар, көлiк құралдарының иелерi және т.б.), егер зиян дүлей күштердiң немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауiптiлiк көздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi. Зиянды өтеу мiндетi меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенiмхат, көздердi беру туралы құзіреттi органның өкiмi арқылы және т.б.) жоғары қауiптiлiк көзiн иеленушi заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi.
2. Жоғары қауiптiлiк көздерiнiң иелерi қауiптiлiк көздерiнiң өзара iс-қимылының (көлiк құралдарының соқтығысуы және т.б.) салдарынан үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян үшiн осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша ортақ жауапты болады.
Жоғары қауiптiлiк көздерiнiң өзара iс-қимылы салдарынан олардың иелерiне келтiрiлген зиян жалпы негiздерде өтеледi. Бұл орайда:
1) бiр тараптың кiнәсiнен келтiрiлген зиянды осы тарап толық көлемiнде өтейдi;
2) екi немесе бiрнеше тараптың кiнәсiнен келтiрiлген зиян олардың әрқайсысының кiнәсiнiң дәрежесiне сай өтеледi.
Тараптардың әрқайсысының кiнәсiнiң дәрежесiн белгiлеу мүмкiн болмаған кезде жауаптылық олардың арасында тең бөлiнедi.
Зиян келтiруде тараптардың кiнәсi болмаған кезде олардың бiрде-бiреуiнiң зиянды өтеудi талап етуге құқығы жоқ. Тараптардың әрқайсысы мұндай жағдайда өзi шеккен шығындар тәуекелiн көтередi.
3. Жоғары қауiптiлiк көзiнiң иесi, егер қауiптiлiк көзi басқа тұлғалардың заңға қарсы iс-әрекеттерi салдарынан иеленушiнiң иелiгiнен шыққанын дәлелдесе, осы көз келтiрген зиян үшiн жауап бермейдi. Мұндай жағдайларда жоғары қауiптiлiк көзi келтiрген зиян үшiн ондай көздi заңға қайшы иеленушiлер жауап бередi. Жоғары қауiптiлiк көзiн оның иелiгiнен заңға қайшы алуда иеленушiнiң кiнәсi болған жағдайда жауаптылық иеленушiге де, жоғары қауiптiлiк көзiн иеленген тұлғаларға да жүктелуi мүмкiн.
Лучшие юристы





Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
можеть ли ао реализовать имущество ниже оценочной стоймости
здравствуйте, может ли местный исполнительный орган принять выморочное имущество, которое находится в залоге у банка (долг перед банком 9 млн). Если да то каким образом вернуть деньги банку?
Сәлеметсіздер ме? Мен мектепте 13 сағат жүктеме және 0,5 ставкамен тәрбие орынбасары қызметі бойынша жұмыс жасаймын. Менің өтінішім күнделікті жұмыс уақытымды есептеп берсеңіздер. Мен толық 8 сағат жұмыс жасауға міндеттімін ба?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей