Ст. 999 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
999-бап. Патенттiң қолданылу мерзiмi
1. Патент сараптама ұйымына өтiнiм берілген күннен бастап қолданылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптар сақталған кезде: 1) өнертабысқа патент – жиырма жыл бойы күшiн сақтайды.
Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар алу талап етілетін дәрілік затқа, пестицидке жататын өнертабысқа қатысты айрықша құқықтың және осы құқықты куәландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.
Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғашқы рұқсат алынған күнге дейін өткен уақытқа ұзартылады;
2) пайдалы модельге патент – бес жыл бойы күшiн сақтайды. Патенттің қолданылу мерзімін сараптама ұйымы патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ үш жылдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн;
3) өнеркәсiптiк үлгiге патент – он жыл бойы күшiн сақтайды. Патенттің қолданылу мерзімін сараптама ұйымы патент иеленушінің өтінішхаты бойынша әр жолы бес жылға ұзартуы мүмкін. Бұл ретте патенттің жалпы қолданылу мерзімі өтінім берілген күннен бастап жиырма бес жылдан аспауға тиіс.
2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi қорғау сараптама ұйымына өтiнiм берілген күннен бастап қолданылады. Құқықтарды қорғау патент берiлгеннен кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн. Патент беруден бас тартылған жағдайда, қорғауға алынбаған деп есептеледі.
3. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң басымдығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен айқындалады.
4. Айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгі қоғамдық игілікке өтеді.
5. Қоғамдық игілікке өткен өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні кез келген адам ешкімнің келісімінсіз немесе рұқсатынсыз және пайдаланғаны үшін сыйақы төлемінсіз еркін пайдалана алады.
Ескерту. 999-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 995-бап. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң тең авторлары ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 997-бап. Автордың қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi үшiн сыйақы алуға құқығы ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 996-бап. Қызметтік өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1013-бап. Интегралды микротәсiмдер топологиясына құқықтарды қорғау талаптары ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1001-бап. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензиялық шартРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей