Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 164 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

ҚР Азаматтық процестік кодексі
164-бап. Істі сот талқылауына дайындаудың мерзімдері

1. Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, егер осы Кодексте және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. 

Алименттерді өндіріп алу туралы, денсаулықтың зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы, сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты істерден басқа, аса күрделі істер бойынша айрықша жағдайларда және еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша істі сот талқылауына дайындау үшін берілген мерзім өткеннен кейін бұл мерзім судьяның ұйғарымы бойынша қосымша бір айға ұзартылуы мүмкін. 

1-1. Осы Кодекстің 27-бабының 1-2-бөлігінде көзделген даулар бойынша азаматтық істерді сот талқылауына дайындау талап қою соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Аса күрделі істер бойынша бұл мерзім судьяның ұйғарымы бойынша бір айға қосымша ұзартылуы мүмкін. 

2. Істі сот талқылауына дайындау мерзімін ұзарту туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. 

Ескерту. 164-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...162 163 164 165 166 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться