Ст. 240 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
240-бап. Сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi
1. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi, егер шешімге шағым жасалмаса немесе прокурор апелляциялық өтінішхат келтірмесе, апелляциялық шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді. 2. Қаржы ұйымдарын немесе банк конгломератына бас ұйым ретінде кiретiн және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргiзу туралы сот шешiмі олар жарияланған күнінен бастап заңды күшiне енедi және дереу орындалуға жатады.
3. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы соттың шешімі жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
4. Алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Апелляциялық шағым берілген, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген жағдайларда шешім, егер оның күші жойылмаса және (немесе) ол өзгертілмесе, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.
6. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін тараптар және іске қатысатын басқа тұлғалар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сол талап қою талаптарын сол негіздер бойынша сотта қайтадан мәлімдей алмайды, сондай-ақ сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды.
7. Егер жауапкерден мерзімдік төлемдерді өндiріп алынатын шешiм заңды күшiне енгеннен кейiн төлемдердiң мөлшерiн анықтауға немесе олардың ұзақтығына ықпал ететiн мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы мерзімді төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдерiн өзгертудi талап етуге құқылы.
Ескерту. 240-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2021 № 20-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей