Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 352 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.01.2022

ҚР Азаматтық процестік кодексі
352-бап. Арыз бойынша сот шешімі

1. Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды қарап, қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім шығарады, онда:  

1) қаржы ұйымының атауы;  

2) қайта құрылымдау мерзімі және қайта құрылымдауды жүргізуге, кредиторлар жиналысын шақыруға және өткізуге жауапты қаржы ұйымының лауазымды адамдары белгілене отырып, қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы нұсқау қамтылуға тиіс.  

2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап:  

1) мыналар: 

қайта құрылымдау болжанып отырған мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің бұрын қабылдаған шешiмдерiнің; 

міндеттемелері қайта құрылымдалады деп болжанып отырған, қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі күшіне енгенге дейін және қаржы ұйымын қайта құрылымдау кезеңінде мәлімделген қаржы ұйымы кредиторлары талаптарының орындалуы тоқтатыла тұрады;  

2) қаржы ұйымының мүлкін өндіріп алуға қолдануға жол берілмейді.  

3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін сот қаржы ұйымына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға және аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді. 

Ескерту. 352-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...350 351 352 353 354 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здраствуйте если несовершенно летный пришель с старшым 18лет человеком в бильярд и его внешность старше выгледить на это штрафавали сотрудника и это первый раз был могу я писать жалобы


Здравствуйте, какие льготы налогообложение ветераном боевых действий на территории других государств


Нет.если она не схватит коврик с вашими отпечатками и не опознает у третьих лиц


Здравствуйте подскажите пожалуйста !куда можно обратится с жалобой на правохранительные органы !


Здравствуйте. Если оплачиваешь штраф, возмещаешь ущерб (не примерение) не грозит уголовная статья?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться