Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 354 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

ҚР Азаматтық процестік кодексі
354-бап. Соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі

1. Соттың қаржы ұйымын қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның арызы бойынша мынадай: 

1) қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімімен көзделген қаржы ұйымын қайта құрылымдау мерзімінің өтіп кетуі;  

2) қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенінің жүзеге асырылуы;  

3) қаржы ұйымын қайта құрылымдау:  

қаржы ұйымын қайта құрылымдау қаржы ұйымы қызметінің қаржылық нәтижелерін жақсартуға әкеп соқпайтынына жеткілікті негіздердің болуы;  

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен алынған қаржы ұйымы кредиторлары мақұлдауының болмауы;  

қайта құрылымдау жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалмауы;  

қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қайта құрылымдау кезеңінде қолданылған нұсқамалары орындалмаған жағдайда, мерзімінен бұрын тоқтатылуы негіздері бойынша қабылданады.  

Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенiн жүзеге асыру қайта құрылымдалған мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің бұрын қабылдаған шешiмдерi бойынша міндеттемелердiң, оларды орындаудың тоқтатылуына әкеп соғады. 

2. Сот қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген арызын оны соттың іс жүргізуіне қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. 

Ескерту. 354-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

42-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сот арқылы банкроттығы, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, олардың оңалтылуы, банкроттығы, оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы іс жүргізу


Ескерту. 42-тарау жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...352 353 354 355 355‑1 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться