Ст. 450 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
450-бап. Істi кассациялық сатыдағы соттың қарау тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Төрағалық етушi сот отырысын ашады және қарауға жататын істі, бұл үшін негіз болған процестік құжатты, соттың құрамын және іске қатысатын, сот отырысы залында отырған адамдарды жариялайды, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Істі қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген өтінішхат берген адамның, прокурордың болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Мәлімделген өтінішхаттар шешілгеннен кейін сот өтінішхат, наразылық берген адамды тыңдайды.
4. Кассациялық сатыдағы сот прокурорға кассациялық сатыда қаралуға жататын барлық істер туралы уақтылы хабарлайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Өтiнiшхат берген адам, прокурор өздерінің пiкiрi бойынша дау айтылатын сот актісі заңсыз болып табылатын уәждер мен дәлелдерді жазып бередi. Төрағалық етушi содан кейiн сот белгiлейтін тәртiппен iске қатысатын басқа да тұлғаларға сөз бередi. Олар сөз сөйлегеннен кейiн прокурор, егер ол сот отырысына қатысып отырған болса, iс бойынша қорытынды бередi.
Лучшие юристы





В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей