Ст. 451 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
451-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері
1. Кассациялық шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша кассациялық сатыдағы сот қаулы шығарады.
2. Кассациялық сатыдағы сот бөтен адамдардың болуын және кеңес құпиясының жария етілуін болғызбайтын жағдайларда мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымын, қаулысын – күшінде, ал кассациялық шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
2) апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымының, қаулысының күшiн жояды және бірінші сатыдағы соттың ұйғарымын, шешімін күшінде қалдырады;
3) осы Кодекстің 427-бабында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың өзге құрамында жаңадан қарауға жібереді;
4) алып тасталды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) бірінші сатыдағы сот ұйғарымының, шешімінің, апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымы мен қаулысының күшін толық не бір бөлігінде жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді не, егер іс апелляциялық сатыдағы сотта немесе мәні бойынша қаралмаған болса, бірінші сатыдағы сотқа жібереді;
6) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін толық не бір бөлігінде жояды және татуласу келісімінің, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің бекітілуіне байланысты осы Кодекстің 277-бабында белгіленген негіздер бойынша iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады не осы Кодекстің 279-бабының 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арызды қараусыз қалдырады;
7) бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың шағым жасаудың процестік мерзімдерін қалпына келтіру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарының күшін жояды және апелляциялық шағымды қарау үшін істі апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді;
8) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімін, ұйғарымын, қаулысын өзгертеді немесе бiрiншi сатыдағы сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының немесе апелляциялық сатыдағы сот қаулысының, ұйғарымының күшін толық не бір бөлігінде жоя отырып, егер істің мән-жайын бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот толық және дұрыс анықтаған, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателік жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей жаңа сот актісін шығарады;
9) кассациялық қаулы осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша қайта қаралған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінің 1) – 8) тармақшаларында көзделген процестік шешімдердің бірін қабылдай отырып, оны өзгеріссіз қалдырады, оның күшін жояды не өзгертеді.
3. Сот актілерінің күші жойылған және іс жаңадан қарауға жіберілген кезде кассациялық сатыдағы сот белгілі бір дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі туралы, бір дәлелдеменің басқалардың алдындағы басымдығы туралы, материалдық құқықтың қандай нормасы қолданылуға тиіс екендігі туралы, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешім шығарылуға тиіс екені туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқылы емес.
4. Кассациялық сатыдағы сот сот актілерінде көрсетілмеген не ол жоққа шығармаған мән-жайларды белгілеуге немесе дәлелденген деп есептеуге құқылы емес.
4-1. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысында жазылған процестік әрекеттерді жасау қажеттігі туралы нұсқаулар сот актілерінің күші жойылған және іс жаңадан қарауға берілген жағдайда істі жаңадан қарайтын сот үшін міндетті.
5. Егер сот дұрыс шешім қабылдаған, бірақ осы Кодекстің 427-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген бұзушылықтарға жол берілген жағдайда, қаулыда уәждер, материалдық және процестік құқық нормалары көрсетіледі, оларға сәйкес сот актілері өзгеріссіз қалдырылады.
6. Қаулының қарар бөлігі сот отырысы залында жария етіледі.
7. Қаулы түпкілікті нысанда он жұмыс күні ішінде дайындалуға тиіс.
8. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібере отырып, кассациялық сатыдағы қаулының күшін жойған жағдайда істі кассациялық сатыда қарау осы баптың қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 451-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 453-бап. Кассациялық сатыдағы сот қаулысының заңды күшiне енуi ҚР Азаматтық процестік кодексі 449-бап. Істi кассациялық тәртіппен қарау нысанасы және шектерi ҚР Азаматтық процестік кодексі 454-бап. Сот шешiмiнiң, ұйғарымының, қаулысының күшiжойылғаннан кейiн iстi қарау ҚР Азаматтық процестік кодексі 454-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауының негіздері ҚР Азаматтық процестік кодексі 447-бап. Татуласу келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей