Ст. 87 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
87-бап. Сараптама жүргізу тәртібі
1. Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкін еместігіне немесе қиындығына қарай сотта немесе соттан тыс жүргізіледі.
2. Сараптама жүргізу кезінде оның объектілері сараптаманы тағайындаған соттың рұқсатымен зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана бүлдірілуі немесе пайдаланылуы мүмкін. Көрсетілген рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда немесе сот сарапшысының өтінішхатын қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы уәжді ұйғарымда қамтылуға тиіс.
3. Сараптамалық зерттеу объектілерінің анықтығы мен жарамдылығына сот кепілдік береді.
4. Сараптамалық зерттеу объектілері, егер олардың көлемі мен қасиеттері бұған мүмкіндік берсе, сарапшыға оралған және мөрленген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға кедергісіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.
5. Іске қатысатын адамдар сараптама жүргізу кезінде, осындай қатысу соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. Сот іске қатысатын адамдардың сараптама жүргізу кезінде қатысуы туралы өтінішхатты қанағаттандырған кезде, көрсетілген адамдар сараптама жүргізілетін орын мен уақыт туралы хабарландырылады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірмейді.
6. Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысатын адамдар қатысқан жағдайда, сот приставының міндетті қатысуын сот айқындайды.
7. Сараптама жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде, сот сараптаманы тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау туралы ұйғарымда нақты сарапшы көрсетілмесе, оны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптаманы тағайындаған сотқа хабарлайды.
8. Сот сараптамасы органының басшысы:
1) егер осы сот сараптамасы органында қажетті арнайы ғылыми білімі бар сарапшы болмаса; осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайлары нақты сарапшылық міндеттерді шешуге мүмкіндік бермесе; сарапшының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; сараптама жүргізуге арналған материалдар осы Кодексте көзделген талаптарды бұза отырып ұсынылса, уәждерін көрсете отырып, сотқа сараптаманы тағайындау туралы ұйғарымды орындамастан, оны жүргізу үшін ұсынылған объектілерді қайтаруға;
2) егер осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдардың арнайы ғылыми білімдері қорытынды беру үшін қажет болса, оларды сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы сот алдында өтінішхат беруге;
3) сот сараптамасын тағайындаған сот алдында сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзарту туралы уәжді өтінішхат беруге құқылы.
Сот сараптамасы органы басшысының "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге құқықтары да бар.
9. Сот сараптамасы органының басшысы:
1) сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымды және зерттеу объектілерін алғаннан кейін заңның талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына іс жүргізуді тапсыруға;
2) сот сарапшысының тәуелсіздігі қағидатын бұзбай, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуын, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығын, толықтығы мен объективтілігін, сот сараптамасы объектілері сақталуының қамтамасыз етілуін бақылауды қамтамасыз етуге;
3) сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
10. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру көзделсе, сот сараптаманы тағайындау туралы ұйғарым шығарылғанға дейін оның жеке басына және сарапшыға қарсылық білдіруге осы Кодекстің 39-бабында көзделген негіздердің жоқ екендігіне көз жеткізуге тиіс.
11. Сараптаманы жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 110 және 111-баптарында белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 87-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.02.2017 № 45-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 41-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау тәртібі ҚР Азаматтық процестік кодексі 63-бап. Дәлелдемелер ҚР Азаматтық процестік кодексі 44-бап. Азаматтық процестік құқық қабілеттілігі ҚР Азаматтық процестік кодексі 77-бап. Маманды процестік әрекеттерге қатысуға тарту ҚР Азаматтық процестік кодексі 409-бап. Апелляциялық шағымнан, прокурордың өтінішхатынан бас тарту және оларды кері қайтарып алуРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 89-бап. Кешенді сараптама ҚР Азаматтық процестік кодексі 83-бап. Үлгiлердi алу ҚР Азаматтық процестік кодексі 85-бап. Салыстырып зерттеу үшін жазу үлгілерін алу ҚР Азаматтық процестік кодексі 90-бап. Қосымша және қайталама сараптама ҚР Азаматтық процестік кодексі 84-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан үлгiлерді алуыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей