Ст. 125 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
125-бап. Көмірсутектерді өндіру шарттары
1. Көмірсутектерді өндіру жөніндегі операциялар жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игеру жобасына, сынамалап пайдалану жобасына, барлау кезеңінде бұрын бұрғыланған ұңғыманы уақытша пайдалануды жүргізуге арналған барлау жұмыстарының жобасына немесе игерудің талдауына сәйкес жүргізілуге тиіс. 2. Өндіру жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес базалық жобалау құжаттарында көзделмеген көмірсутектердің шығынын болдырмайтын әдістермен және тәсілдермен жүргізілуге тиіс.
3. Көмірсутектерді өндіру кезінде кен орнын игеру жобасында, барлау кезеңінде бұрын бұрғыланған ұңғыманы уақытша пайдалануды жүргізуге арналған барлау жұмыстарының жобасында немесе игерудің талдауында көзделген ұңғымаларды бұрғылауға рұқсат етіледі.
4. Көмірсутектерді өндіру жөніндегі барлық жұмыстар құжаттандыруға жатады.
5. Көмірсутектерді өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:
1) өндіруге қолданылатын техникалық құралдардың оңтайлылығы мен қауіпсіздігін;
2) көмірсутектердің кен орындарын көмірсутекті өндіру кезінде қиындатуға, көмірсутектерді өндірудің экономикалық тиімділігін төмендетуге алып келетін қауіпті техногендік процестердің болуынан қорғауды;
3) жер қойнауынан өндіріліп алынған және онда қалдырылатын көмірсутектер қорларын, оларды қайта өңдеу өнімдерін және өндіру кезінде пайда болатын өндіріс қалдықтарын дұрыс есепке алуды;
4) нормалар мен стандарттарды, қолданылатын өндіру әдістері мен тәсілдерін сақтауды;
5) су жинау алаңдарында және көмірсутектер жатқан жерлерде қалдықтардың жиналуын болдырмау мақсатында көмірсутектерді өндіру қалдықтарын және қайта өңдеу өнімдерін қоймаға жинап қою және орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындауды;
6) көмірсутектерді кен орнын игеру жобасында көзделген тәртіппен алуды қамтамасыз етуге міндетті.
6. Көмірсутектерді өндіру барысында алынатын құрауыштар, егер осы Кодексте немесе келісімшартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
7. Көмірсутектерді өндіру кезінде жерасты суларын ілеспе алу арнаулы рұқсаттар немесе лицензиялар алмай жүзеге асырылады.
Ілеспе алынған жерасты суларын одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының су және экология заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Көмірсутектерді өндіру кезеңінде геологиялық құрылымдарды және көмірсутектердің кен орны қорларын нақтылау мақсатында барлау учаскесін жете зерттеуге (жете барлауға) жол беріледі.
9. Жете барлау жөніндегі жұмыстар кен орнын игеру жобасына сәйкес жүргізіледі.
Егер жер қойнауын пайдаланушы өндіру учаскесінде жете зерттеу кезінде жаңа кенжатынды тапқан жағдайда, оны бағалау кен орнын игеру жобасына қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
10. Жер қойнауы учаскесінде жаңа кенжатынды табу жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта барлау кезеңін және (немесе) өндіру кезеңін ұзартуды бекітіп беру үшін негіз болып табылмайды.
Ескерту. 125-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2025 № 180-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2026 № 337-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Рекомендованные страницы
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 128-бап. Технологиялық объектілерді консервациялау және жою ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 765-бап. Банк салымдарын қайтару Тауар биржалары туралы 13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 51-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы оператордың жауаптылығы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 234-бап. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей