Ст. 153-1 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
153-1-бап. Сарқылып жатқан кен орындарында көмірсутектерді өндіру
1. Сарқылып жатқан кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде көмірсутектер өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы бір мезгілде мынадай шарттарды сақтауға міндетті:
1) кен орнының осы баптың 2-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес болуы. Бұл ретте мұндай сәйкестік осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған кен орнын әзірлеу жобасында көрсетіледі;
2) жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 3-тармағында көзделген инвестициялық міндеттемені орындауы.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 3-тармағында көзделген инвестициялық міндеттемесін орындау жөніндегі міндеттеме енгізілген кезде сарқылып жатқан кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп танылады.
2. Көмірсутектер кен орны оны әзірлеу барысында мынадай көрсеткіштердің кемінде біреуіне қол жеткізілген жағдайда сарқылып жатқандар санатына жатады:
көмірсутектердің ірі кен орындары үшін қорлардың игерілуі бекітілген алынатын қорлардың жетпіс және одан көп пайызын және кен орнының су басуы сексен бес және одан көп пайызды құрауға тиіс;
мұнай алудың ағымдағы коэффициенті бірліктің 0,4 және одан көп үлесін құрауға тиіс.
3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген инвестициялау коэффициентінің және өткен жылдың қорытындысы бойынша "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 723-бабына сәйкес салықтық есепке алу саясатында бекітілген жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есепке алуды жүргізу әдістемесіне сәйкес есептелген, сарқылып жатқан кен орны бойынша жылдық жиынтық кіріс сомасының көбейтіндісі ретінде есептелетін сомадан кем болмайтын мөлшерде мұндай сарқылып жатқан кен орнын әзірлеуге қосымша инвестицияларды жүзеге асыру және (немесе) осы Кодекстің 129-бабында белгіленген тәртіппен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қосымша қаржыландыру жер қойнауын пайдаланушының мұндай кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялық міндеттемесі болып табылады.
4. Сарқылып жатқан кен орны бойынша инвестициялау коэффициенті мұндай кен орны бойынша көмірсутектерді өндірудің нақты жылдық көлемі негізге алына отырып белгінеді және мыналарды құрайды:
Р/с № |
Жылдық өндіру көлемі | Инвестициялау коэффициенті, %-бен |
1 | 2 | 3 |
1. | 250 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 1,0 |
2. | 250 000 тоннадан жоғары және 500 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 2,0 |
3. | 500 000 тоннадан жоғары және 1 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3,0 |
4. | 1 000 000 тоннадан жоғары және 2 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 4,0 |
5. | 2 000 000 тоннадан жоғары және 3 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 5,0 |
6. | 3 000 000 тоннадан жоғары және 4 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 5,5 |
7. | 4 000 000 тоннадан жоғары және 5 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 6,5 |
8. | 5 000 000 тоннадан жоғары және 7 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 7,0 |
9. | 7 000 000 тоннадан жоғары және 10 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 8,0 |
10. | 10 000 000 тоннадан жоғары | 8,5 |
Ескерту. 153-1-баппен толықтырылды – ҚР 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей