Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 162 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
162-бап. Уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу тәртібі

1. Уран саласындағы ұлттық компанияға өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер уран саласындағы ұлттық компанияның уәкілетті өкілдері мен құзыретті органның жұмыс тобы арасында жүргізіледі. Жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын құзыретті орган бекітеді. 

2. Тікелей келіссөздер өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі. Тікелей келіссөздер жүргізу мерзімі құзыретті органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін. 

3. Егер тікелей келіссөздер жүргізуге арналған өтінішті беру кезінде не тікелей келіссөздер барысында уран саласындағы ұлттық компания жұмыстарда және көрсетілетін қызметтерде елішілік құндылық бойынша елу пайыздан астам мөлшерде міндеттемелер ұсынылған жағдайда, ұсынылған міндеттемелер уран өндіруге арналған келісімшартта белгіленеді. 

4. Құзыретті орган тікелей келіссөздер нәтижесінде келісімшартты жасасу туралы немесе оны жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. 

5. Уран өндіруге арналған келісімшартты жасасу туралы шешім қабылданған жағдайда уран саласындағы ұлттық компания ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік он екі ай ішінде: 

1) тікелей келіссөздер нәтижесінде айқындалған қол қою бонусын төлейді; 

2) осы Кодекске сәйкес уран өндірудің тәжірибелік-өнеркәсіптік жобасын әзірлеуге және оның сараптамаларын қамтамасыз етуге міндетті; 

3) құзыретті органға қол қою бонусын төлегенін растауды және өз тарапынан қол қойылған, құзыретті орган бекіткен, уранды өндіруге арналған типтік келісімшартқа сәйкес әзірленген уран өндіруге арналған келісімшартты жібереді. 

Уран өндіруге арналған келісімшартта ұзақтығы тікелей келіссөздер нәтижесінде айқындалатын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңі бекітіледі. 

Тиісті жобаны әзірлеу және келісу жер қойнауын пайдаланушының еркіне қатысты емес мән-жайлар бойынша мерзімінде аяқталмаса, осы тармақта көрсетілген мерзім құзыретті органның шешімі бойынша алты айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкін. 

6. Құзыретті орган уран өндіруге арналған келісімшартты және қол қою бонусының төленгенін растауды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уран өндіруге арналған келісімшарт жасасады және оның данасын (даналарын) уран саласындағы ұлттық компанияға жібереді. 

2-параграф. Уран өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының тоқтатылуы

Статья 1 ...160 161 162 163 164 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться