Ст. 232 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
232-бап. Кең таралған пайдалы қазбаларды кәсіпкерлік мақсаттарында өндіру
1. Кең таралған пайдалы қазбаларды кәсіпкерлік мақсатта ғана өндіру мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында айқындалатын аумақтар бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша оның иесінің мынадай операцияларды жүргізу:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру;
2) тау-кен жұмыстарын жүргізу, тау-кен өндіру және (немесе) тау-кен қайта өңдеу өндірістерін, техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру мақсатында жер қойнауы кеңістігін пайдалану;
3) өндіру учаскесін барлау (пайдалану үшін барлау) мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалануға ерекше құқығы бар.
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру деп кең таралған пайдалы қазбаларды жатқан жерінен алуға бағытталған және тікелей айыруға байланысты жұмыстар кешені түсініледі.
3. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия беруге өтініш облыстың жергілікті атқарушы органына беріледі. Өтінішті қарауды және лицензия беруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, осы баптың 4-тармағының талаптарын сақтау мақсатында өтінішке жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өтініш берілген жер қойнауы учаскесінде мемлекеттік есепте тұрған және кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын пайдалы қатты қазбалар ресурстарының жоқ екенін растайтын қорытындысы қоса берілетінін ескере отырып, осы Кодекстің 28-тарауының ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
Егер өтініш иесі пайдалануға сұрап отырған жер қойнауы учаскесінің аумағы екі және одан да көп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында орналасса, онда кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге өтініш осындай аумақтардың шегінде мәлімделген жер қойнауы учаскесінің көп бөлігі орналасқан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына беріледі.
4. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын, пайдалы қатты қазбалар ресурстары немесе ресурстарының перспективасы бар аумақтарға, осы Кодекстің 203-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлардан басқа кезде беруге тыйым салынады.
Ескерт. 232-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 249-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы 22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздемесi Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 25-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін шектелген аумақтар Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 41-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер ұғымы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 90-бап. Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық зерттеу бойынша есептілігі Өрт қауiпсiздiгi туралы 3-бап. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей