Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 236 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 10.02.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
236-бап. Жер қойнауын пайдаланушының кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі есептілігі

1. Жер қойнауын пайдаланушы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша мынадай мерзімдік есептер: 

1) лицензиялық міндеттемелерді орындау туралы есеп; 

2) өндіру учаскесінде барлау жүргізілген жағдайда – геологиялық есептер; 

3) өндірілген кең таралған пайдалы қатты қазбалар туралы есеп ұсынуға міндетті.  

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген есеп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынылады.  

Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген есептер жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынылады.  

Ескерту. 236-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...234 235 236 237 238 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

тищьдин курдамын бля



Салеметсиздерма? Смещанное сельское хозяйство ИП ны магазин автозапчасть сата аламын ба, қолдана аламын ба?




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться