Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 42 КР Конституциясы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

КР Конституциясы
42-бап.

1. Қазақстан Республикасының Президенті: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

2. Ант беру қаңтардың екінші сəрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың экс-Президенттерінің қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.

3. Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен кетірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады.

4. Алып тасталды - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi) Заңымен.
5. Бір адам бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды.

Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi); 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2022 № 142-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...99

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?




Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться