Ст. 19-1 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477
ҚР Орман кодексi
19-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы тексерулерді жүзеге асыру тәртібі
1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерге орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы қызмет жатады.
2. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы жұмыстар мен іс-шараларды тексеруді, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін санкциялаусыз алып қоюды бақылауды жүзеге асырады.
3. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы орман заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің орман қорының жай-күйіне, оны күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары тексеру нәтижелері туралы акт және бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарады.
4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру жүргізу кезінде тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
5. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамы:
1) мемлекеттік орман қоры аумағында:
заңсыз ағаш кесу фактісі;
ағаштар мен бұталарды жою немесе зақымдау;
орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы егілген, отырғызылған көшеттерді, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге арналған алаңдарда өзі өсіп шыққан шыбықтарды, өскіндерді, қолдан отырғызылған екпелерді жою немесе зақымдау;
отқа немесе өзге де жоғары қауіп көзіне абай болмау салдарынан ағаштар мен бұталарды жою немесе зақымдау бойынша бұзушылықтар;
2) мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қасақана жою немесе зақымдау анықталған жағдайда, егер залал республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір жүз айлық есептік көрсеткішті құраса не одан асып түссе, материалдарды дереу құқық қорғау органдарына береді немесе егер залал республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейін болса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.
6. Тексеру мерзімділігі:
кешенді тексерулер – жылына бір рет;
тақырыптық тексерулер жылына төрт рет жүргізіледі (қарау аймақтарын көктемгі және күзгі ревизиялау, өрт қаупі бар маусымға дайындалу, орман дақылдары жұмыстары).
Тексеру мерзімдері он жұмыс күнінен аспайды және тексеру мерзімін бес жұмыс күніне дейін ұзартуға болады. Тексеру мерзімдерін ұзарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) табиғи-климаттық факторлар (орман өрттері, өзендердің тасуы, көшкіндер, тастардың құлауы, селдер, қар басу, дауылдар, нөсерлер және басқалар);
2) жаңадан анықталған мән-жайлар (заңсыз ағаш кесудің мәлім болған көлемі, ормандарды молықтырудың зақымдалған учаскелерінің алаңдарын анықтау және басқалар).
7. Жоспардан тыс тексерулер жеке немесе заңды тұлғалардың адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша өтініштері, прокурордың және өзге де құқық қорғау органдарының талаптары, мемлекеттік органдардың өтініштері, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау бойынша, сондай-ақ ірі орман өрттері туындаған және заңсыз ағаш кесу анықталған жағдайларда тағайындалады.
Жоспардан тыс тексеру мерзімдері бес жұмыс күнінен аспайды және тексеру мерзімін үш жұмыс күніне дейін ұзартуға болады.
8. Көлемі бойынша тексерулер:
1) кешенді;
2) тақырыптық деп бөлінеді.
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бөлігінде Қазақстан Республикасы орман заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері кешені бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін тексеру, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін санкциялаусыз алып қоюды бақылау кешенді тексеру болып табылады.
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бөлігінде Қазақстан Республикасы орман заңнамасының талаптарын сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін тексеру тақырыптық тексеру болып табылады.
9. Уәкілетті орган ведомствосы бірінші басшысының немесе аумақтық бөлімше бірінші басшысының бұйрығы тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады. Тиісті бұйрық шығару үшін мыналар негіз болып табылады:
1) бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне жүргізілген талдау мен мониторинг;
2) тексерулердің жылдық кестесі;
3) алдыңғы тексерулер мониторингінің қорытындылары;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілерін қамтитын ғарыштық мониторингтеу деректері.
10. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің тексеру үшін келген лауазымды адамдары субъектіге:
1) тексеруді тағайындау туралы бұйрықты;
2) қызметтік куәлігін;
3) қажет болған кезде – құзыретті органның режимдік объектілерге кіруге рұқсатын көрсетуге міндетті.
Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы бұйрық табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
11. Тексерулердің қорытындысына тексерілетін субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
12. Аумақтық бөлімшелер шешімдерге шағым жасау мен оларды орындаудың қолданыстағы мерзімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы орман заңнамасын анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша материалдардың орындалуы мен әртүрлі сатылардан өтуіне мониторингті жүзеге асырады.
13. Бұзушылықтарды есепке алу, саны, түрлері мен бұзу орындары бойынша олардың динамикасын талдау мақсатында аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасы орман заңнамасын бұзушылықтарды, заңсыз табиғат пайдаланудың алып қойылған құралдарын және заңсыз қолға түсірілген орман ресурстары мен жануарлар дүниесі объектілерін тіркеу журналын жүргізеді.
14. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулер, егер бұларды уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, жарамсыз деп танылады.
Жоғары тұрған мемлекеттік орган тексерудің жарамсыздығына байланысты тексеру нәтижелері туралы актінің күшін жою мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелерінің жарамсыздығына байланысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы бақылау және қадағалау субъектісінің өтінішін қарауды өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органның бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерудің нәтижелерін жарамсыз деп тануы олардың күшін жою үшін негіз болып табылады.
Жарамсыз деп танылған тексеру нәтижелері туралы акт пен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды бұзғанының дәлелдемесі болып табылмайды.
Тексерулерді өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:
1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізуге негіздердің болмауы;
2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы бұйрықтың болмауы;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы бұйрықты бақылау және қадағалау субъектісіне ұсынбау;
4) уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді тағайындауы;
5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді жүргізу мерзімдерін бұзу.
15. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді жүргізу кезінде уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары:
1) құжаттарды, ақпаратты, егер олар тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына қатысты болмаса, беруді талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін асырып жіберуге;
4) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оған қатысты бұрын оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге мемлекеттік орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы сол бір кезеңдегі сол бір мәселе бойынша тексеруді жүргізуге;
5) тексерілетін субъектілердің есебінен мемлекеттік бақылау мақсатында шығын сипатындағы іс-шараларды жүргізуге құқылы емес.
Ескерту. 4-тарау 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей