Ст. 5 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 28.02.2021
ҚР Орман кодексi
5-бап. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi
1. Орман қоры жерлерiн, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн қамтитын Қазақстан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектiсi болып табылады. 2. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен ақылы жағдайда ормандардың көп функциялы маңызы ескерiле отырып пайдаланылады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-бап. Қазақстан Республикасының орман қоры
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрi - орман қоры) құрайды.
2. Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады.
3. Мемлекеттiк орман қорына:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар;
2) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;
3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiндегi енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады.
4. Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға орман өсiру үшiн нысаналы мақсатпен берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған:
1) қолдан өсірілген екпелер;
2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;
3) жекеше орман питомниктерi;
4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
5) агроорман-мелиорациялық екпелер;
6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарына бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелер жатады.
5. Орман қорына:
1) мемлекеттiк орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер;
2) қала ормандарын қоспағанда, елдi мекендер шекарасы шегiндегi жасыл желектер;
3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталар кiрмейдi.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Орман қорына меншiк құқығы
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады.
2. Жекеше орман қоры учаскелерiн иеленудi, пайдалану мен оған билiк етудi, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес, жекеше орман иеленушiлер жүзеге асырады.
Лучшие юристы

Караганда,Темиртау, Нур-Султан
Телефоны
Комментариев: 26
За последние 30 дней

Астана (Нур-Султан) - Караганда - Темиртау
Телефон
Всего

г. Алматы
Телефон
За последние 30 дней

г. Алматы
Телефон
Всего

г. Костанай
Телефон
Всего
Новые комментарии на сайте
Айгуль
01.03.21 21:23:07
Тел: 87012643890,
Добрый вечер срок давности имеется, общий срок 3 года
Гость
01.03.21 17:32:14
питьевую воду нельзя использовать в технических целях, где написано?
Гость
27.02.21 15:02:55
Здравствуйте,Где можно посмотреть новую классификацию основных средств на 2021 год
Гость
27.02.21 10:31:06
сушествует ли срок исковой давности по кредиту
Гость
26.02.21 12:57:32
Здравствуйте Я учительница инвалид 2 группы.Допустимо ли забрать часы ссылаясь на инвалидность?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей