Ст. 140 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
140-бап. Салықтық тексерулердің нысандары
1. Салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық зерттеп-қарау нысанында жүзеге асырылады.
2. Салықтық тексеруді жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін тоқтата тұрмауға тиіс.
3. Салық органдары заңды тұлғаның өзiне салықтық тексерудің жүргiзiлуiне қарамастан, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiне салықтық тексерулерді жүзеге асыруға құқылы.
4. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазып беру жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, салық органдары осы мәселе бойынша тақырыптық тексерулерді:
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) жіберілгенге дейін;
осы Кодекстің 115-бабының 5-тармағында белгіленген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі өткенге дейін жүзеге асыруға құқылы емес.
5. Салықтық тексеруге жататын кезең осы Кодекстің 48-бабында айқындалған тәртіппен есептелетін мерзімнен аспауға тиіс.
Бұл ретте, шеңберінде осындай қарсы тексеру тағайындалған салық төлеушіге (салық агентіне) кешенді немесе тақырыптық тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін кезеңге сәйкес келетін кезең үшін қарсы тексеру жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлері бойынша кешенді тексеру, тақырыптық тексеру тағайындалған жағдайда, тексерілетін кезеңді айқындау кезінде салықтар бойынша аудитпен қамтылған салықтық кезең қосылмайды.
Осы тармақтың ережесі осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 2) – 24) тармақшаларында, 145-бабы 3-тармағы 1) тармақшасының екінші – төртінші абзацтарында, 2) – 12) тармақшаларында көрсетілген салықтық тексерулерге, сондай-ақ салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге, жер қойнауын пайдаланушыларға, акцизделетін өнімнің жекелеген түрлерінің, биоотынның өндірісі және айналымы бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.
7. Салық органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға салық органдары көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар жіберуге құқылы.
Осы тармақта көрсетілген сұрау салуларды жіберу, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 140-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей