Ст. 141 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
141-бап. Кешенді тексеру
1. Салық органы салықтардың, бюджетке төленетiн төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің барлық түрі бойынша салықтық міндеттеменің орындалу мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты жүргізетін тексеру кешенді тексеру болып табылады. 2. Кешенді тексеруге тақырыптық тексеру мәселелері, оның ішінде мынадай мәселелер:
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мiндеттердi орындауы;
халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолданудың құқыққа сыйымдылығы;
трансферттiк баға белгiлеу;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу;
орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
3. Салық төлеуші (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) таратылған (қызметін тоқтатқан) кезде салықтық тексерулер тек қана кешенді тексеру (бұдан әрі – таратудың салықтық тексеруі) нысанында жүргізіледі.
Салық төлеушінің осындай тексеруді жүргізуге арналған салықтық өтінішті ұсыну жағдайларын қоспағанда, резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тіркеу есебінен шығарылған кезде кешенді тексеру жүргізілмейді.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей