Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 147 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

ҚР Салық кодексi
147-бап. Салықтық тексеру туралы хабарлама

Ескерту. 147-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Салық органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе табыс етеді. 

2. Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша жіберіледі немесе табыс етіледі. 

Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген хабарлама пошта немесе өзге байланыс ұйымының жауабы алынған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. 

3. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша болмаған жағдайда, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексеруді жүргізу хабарламай жүзеге асырылады. 

4. Хабарламада салықтық тексерудің нысаны, тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексеруді жүргізу үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі. 

5. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) тексеруді жүргізу үшін қажетті, салық салуға байланысты құжаттарды жасырып қалуы немесе жойып жіберуі мүмкін деген негізделген тәуекел болған не тексеруді мүмкін етпейтін немесе оны толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа да мән-жайлар болған жағдайларда, салық төлеушіге (салық агентіне) тексерудің басталғаны туралы хабарламастан тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексеруді бастауға құқылы. 

Салық органы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексеруді жоғары тұрған салық органының жазбаша рұқсаты негізінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарламастан жүзеге асырады. 

Ескерту. 147-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...145 146 147 148 149 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться