Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 146 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.11.2026

ҚР Салық кодексi
146-бап. Деңгейлес мониторинг

1. Деңгейлес мониторинг – уәкілетті органның деңгейлес мониторингке қатысушымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауы арқылы жүзеге асырылатын салықтық мониторинг түрі, ол:  

1) өзара сенімге негізделеді;  

2) салықтық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталады;  

3) деңгейлес мониторингке қатысушының қызметін оның кәсіпкерлік қызметіне араласпай зерделеу мен талдаудан және деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша мынадай: 

салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөнінде ұсыным (бұдан әрі – салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі ұсыным); 

салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөнінде ұсыным (бұдан әрі – салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыным) беруден тұрады; 

4) деңгейлес мониторингке қатысушының алдын ала түсіндірмелер алуына мүмкіндік береді.  

2. Ақпараттық өзара іс-қимыл деректер сөресін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 

Деректер сөресі – деңгейлес мониторинг шеңберінде уәкілетті орган мен салық төлеуші арасында кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын ақпараттық жүйе. 

Деректер сөресі салықтық, бухгалтерлік есепке алудың және есепке алудың өзге де түрлерінің ақпараттары мен құжаттарын, бастапқы құжаттарды, сондай-ақ салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі бойынша деңгейлес мониторингке қатысушының есептерін орналастыру арқылы ақпарат пен құжаттармен алмасуға, салықтық есептіліктің деректерін ашып көрсетуге арналған. 

Деңгейлес мониторингке кіру үшін салық төлеушінің деректер сөресін ұйымдастыру жөніндегі ең төменгі талаптарды уәкілетті орган бекітеді. 

Салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі салықтық міндеттеменің дұрыс есептелуіне қол жеткізу мақсатында салықтық, бухгалтерлік, өндірістік есепке алудың және өзге де есепке алу түрлерінің анықтығын қамтамасыз ету үшін салық төлеуші өзінің бизнес-процестерінде қолданатын қағидалардың, саясат пен ұйымдастыру шараларының жиынтығын қамтиды.  

Салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі жөніндегі ақпарат пен есептерге қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді. 

Ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру тәртібі деңгейлес мониторинг туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде белгіленеді. 

Ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде уәкілетті органға бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуларды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін қарауға қашықтан қолжетімділік беру тәртібі мен мерзімдері де айқындалады. 

3. Деңгейлес мониторингке қатысушы мынадай салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер: 

1) корпоративтік табыс салығы; 

2) қосылған құн салығы; 

3) жеке табыс салығы; 

4) әлеуметтік салық; 

5) мүлік салығы;  

6) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары; 

7) акциз бойынша ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. 

Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің көрсетілген тізбесі түбегейлі болмайды және деңгейлес мониторинг туралы келісімде кеңейтілуі мүмкін. 

4. Ақпараттық өзара іс-қимыл жүзеге асырылмайтын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық бақылау жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Статья 1 ...144 145 146 147 148 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсизбе Мен косметолог маган пациентка келып Блефаро операциясыз Жане ерын жасатып алып довольная болып аулна кетеди ремонт уйн жасауга и быр козы жип кузылып маган заявление жазып 421 мын маган салып отр до и после из лягушки в принцессу болган результат маган козы жилы узылып акшамды кайтар Деп коймап еды коррекция жасаймын келыныз десем. Келмей


I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.


я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться