Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 152 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
152-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізу ерекшеліктері

1. Қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру: 

осы Кодекстің 432-бабының 1 және 2-тармақтарын өздеріне қолдануға байланысты салықтық өтінішті; 

қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты (бұдан әрі – қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап) ұсынған салық төлеушіге қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүргізіледі. 

2. Тексерілетін кезеңге:  

салық төлеуші осы Кодекстің 432-бабы 1 және 2-тармақтарының қолданылуына байланысты салықтық өтініште көрсеткен; 

егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация тапсырылған салықтық кезеңді қоса алғанда, салық төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты ұсынған салықтық кезеңнен бастап салықтық кезең кіреді. 

Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы тармақта көрсетілген тексерілетін кезеңге салықтың осы түрі бойынша тексеру жүргізілмеген және осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын салықтық кезеңдер де кіреді. 

Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар, осы Кодекстің 434-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін тексерілетін кезеңге қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген, салық төлеушінің қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы қойылған салықтық кезең кіреді. 

3. Осы Кодекстің 432-бабына сәйкес қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығын растау мақсатында тақырыптық тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін кезеңге: 

өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар салу басталған; 

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалған салықтық кезеңнен басталған уақыт кезеңі кіреді. 

Осы Кодекстің 432-бабына сәйкес қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығын растау кезінде осы Кодекстің 145-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша жүргізілген салықтық тексерулердің нәтижелері ескеріледі. 

2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдерде түзілген, қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау кезінде, қарсы тексерулерді қоса алғанда, салық төлеушіге бұрын жүргізілген салықтық тексерулердің нәтижелері ескеріледі. 

4. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

5. Тауарлар экспортталған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде кеден органының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен әкету фактісін растайтын мәліметтері ескеріледі. 

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына тауарлар экспортталған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 447-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі. 

6. Кейіннен басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу өнімдері әкетіле отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 449-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі. 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына қайта өңдеу өнімдері кейіннен өткізіле отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде кеден органының қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорттың кедендік рәсімімен әкету фактісін растайтын мәліметтері ескеріледі. 

7. Тауарлар экспортталған жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсім түскен не сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына іс жүзінде әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты ескеріледі. 

Сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша тауарлар экспортталған жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциясы жөніндегі шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциясы бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларға арналған импорттық декларацияның болуы ескерілді. 

Сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына тауарлар экспортталған, зат түрінде қарыз берілген жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциясы жөніндегі шарттың (келісімшарттың), зат түрінде қарыз беру жөніндегі шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің болуы ескеріледі. 

Тауарға меншік құқығының лизинг алушыға өтуі көзделетін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына тауарлар әкетілген жағдайда, лизингтік төлемдердің іс жүзінде түсуін растайтын (тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнын өтеу бөлігінде), Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуі ескеріледі. 

Қайта өңдеу өнімдері кейіннен басқа мемлекеттің аумағына не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкетіле отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуі туралы мәліметтер ескеріледі. 

Валюталық түсімнің түсуі туралы салық органдарына қорытынды беруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша жүзеге асырады. 

Салық органдары осы қорытындыны алу үшін осындай қорытынды жасалған күнгі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі туралы тиісті сұрау салу жібереді. 

Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасы аумағындағы екiншi деңгейдегі банктердегі банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуi жөніндегі осы тармақтың талаптары: 

осы Кодекстiң 393-бабының 2-тармағында көрсетілген; 

осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушiлерге қолданылмайды. 

8. Салық органы тақырыптық тексеруді жүргізу барысында осы Кодекстің 143-бабында айқындалған тәртіппен тексерілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей берушілеріне қарсы тексерулер тағайындайды. 

9. Тексерілетін салық төлеуші мен оның тікелей өнім берушісі – салықтық мониторингке жататын салық төлеуші арасындағы операциялар бойынша қосылған құн салығы сомасының анықтығын растауды тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы салықтық есептілік және (немесе) салық органдарындағы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері деректерінің негізінде жүргізеді. 

10. Салық органы тақырыптық тексеруді жүргізу барысында "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, өнім берушілердің атына осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны жібереді.  

Бұл ретте, егер тексерілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушісі тұрған жері бойынша басқа салық органында тіркеу есебінде тұрса, тақырыптық тексеру тағайындаған салық органы тиісті салық органына тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай берушілердің "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюы бойынша осы Кодексе сәйкес шаралар қабылдау туралы сұрау салу жібереді. 

11. Осы Кодекстің мақсаты үшін салық төлеуші (салықтық агент) ұсынған қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті және (немесе) ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылау нәтижелері "Пирамида" талдамалық есебі болып табылады. 

Бұл ретте "Пирамида" талдамалық есебі осы баптың 2-тармағында көзделген салықтық кезеңге қалыптастырылады. 

12. Салықтық тексеру аяқталған күнге: 

1) өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау үшiн қарсы тексерулер жүргiзуге берілген сұрау салуларға жауаптар алынбаған; 

2) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілері бойынша "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған; 

3) қосылған құн салығы сомаларының анықтығы расталмаған; 

4) қарсы тексеру жүргізудің, оның ішінде: 

өнім берушінің тұрған жері бойынша болмауы; 

өнім берушінің есепке алу құжаттамасының жоғалуы себебінен мүмкін болмауына байланысты қосылған құн салығы сомаларының анықтығы расталмаған сомалар шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді. 

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері мынадай: 

қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар; 

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде, құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 150 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын инвестициялық жобаны іске асыратын; 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезеңнің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген салықтық жүктеменің 20 пайыздан кем емес орташа коэффициентіне ие;  

осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілері "Пирамида" талдамалық есебінің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда қолданылмайды. 

Салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын қайтармау негiзi көрсетiледi.  

13. Қосылған құн салығын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде мынадай жағдайларда: 

1) осы Кодекстің 393-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты салық органының сұрау салуына жауап алынған кезде; 

2) осы Кодекстің 432-бабын қолдану кезінде жүргізіледі. 

14. Салықтық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының 25-інен кешіктірілмей, кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамы қол қояды. Салықтық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, ол аталған қорытындыны алғаны туралы басқа данада белгі қоюға міндетті. 

15. Тақырыптық тексеру актісі және салықтық тексеру актісіне қорытынды бойынша расталған қосылған құн салығы асып кетуінің жалпы сомасы тексерілген кезеңге қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапта көрсетілген сомадан аспауға тиіс. 

16. Егер салықтық тексеруді жүргізу кезінде өнім беруші таратылуына байланысты қызметін тоқтатса және осындай өнім берушіге қатысты таратудың салықтық тексеруі жүргізілген болса, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын растау өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінің және (немесе) таратуды тексеру нәтижелері ескеріле отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйелерінің мәліметтері негізінде жүргізіледі. 

17. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 434-бабына сәйкес салық төлеушіге бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру, қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған және қайтарылған асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексеру жүргізілген, сондай-ақ салық органы қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау мәселесін кешенді тексеруге қосқан жағдайда да қолданылады. 

Ескерту. 152-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...150 151 152 153 154 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться