Ст. 154 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
154-бап. Салық органының және өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу үшін аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруі
1. Салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды адамдары нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсеткен кезде осы лауазымды адамдардың және өзге де мемлекеттік органдардың салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдарының кірістер алу үшін пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге зерттеп-қарау үшін кіруін қамтамасыз етуге міндетті. 2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына жіберілу үшін қажет болса, салық органының лауазымды адамдарында арнайы рұқсаттар болуға тиіс.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салық органдары лауазымды адамдарының және өзге де мемлекеттік органдардың салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдарының салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіруіне мынадай:
1) лауазымды адамдар нұсқаманы және (немесе) қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетпеген;
2) лауазымды адамдар нұсқамада көрсетілмеген;
3) лауазымды адамдардың салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына арнайы рұқсаты болмаса, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет болған жағдайларда бас, тартуға құқылы.
4. Салық органдарының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамдарының және өзге де мемлекеттік органдардың салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдарының салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіруіне салық төлеуші (салық агенті) негізсіз бас тартқан және (немесе) кедергі келтірген жағдайда, рұқсат бермеу туралы акт жасалады.
5. Рұқсат бермеу туралы актіге салық органының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамдары және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды.
Салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген актіге қол қоюдан бас тартқан кезде бас тарту себебі туралы жазбаша түсінік беруге міндетті.
Салық төлеуші (салық агенті) рұқсат бермеу туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамы көрсетілген актіде бұл туралы тиісті жазба жасайды. Бұл ретте көрсетілген актіге осы Кодексте айқындалған тәртіппен тартылған куәгерлер де қол қояды.
Ескерту. 154-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
можеть ли ао реализовать имущество ниже оценочной стоймости
здравствуйте, может ли местный исполнительный орган принять выморочное имущество, которое находится в залоге у банка (долг перед банком 9 млн). Если да то каким образом вернуть деньги банку?
Сәлеметсіздер ме? Мен мектепте 13 сағат жүктеме және 0,5 ставкамен тәрбие орынбасары қызметі бойынша жұмыс жасаймын. Менің өтінішім күнделікті жұмыс уақытымды есептеп берсеңіздер. Мен толық 8 сағат жұмыс жасауға міндеттімін ба?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей