Ст. 160 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
160-бап. Жалпы ережелер
1. Есепке алуды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, есепке алу құжаттамасы жоғалған немесе жойылған кезде салық органдары салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді осы бапта және осы Кодекстің 161, 162 және 163-баптарында айқындалған тәртіппен жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негізінде айқындайды. 2. Осы Кодекстің 161-бабына сәйкес салық органдарының талаптары негізінде сұратылатын салықтық міндеттемелерді есептеу үшін салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын құжаттардың болмауы немесе оларды салық төлеушінің (салық агентінің) ұсынбауы есепке алуды жүргізу тәртібін бұзу, есепке алу құжаттамасын жоғалту немесе жою деп түсініледі.
3. Активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығыстарды бағалау, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес нақты салыққа және бюджетке төленетін төлемге қатысты салықтық міндеттемені есептеу үшін қабылданатын басқа да салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау негізінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомаларын айқындау салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындаудың жанама әдістері деп түсініледі. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау салықтық есептіліктен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарынан, сондай-ақ басқа да көздерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я попал в аварию,пострадал пассажир. 345 часть 2 возбудили через 3 дня дело закрыли до суда! Решение Адм.штраф!освобожден от уг.ответсвенности !теперь прошло 3 года .не принимают на работу в погран войска.это законно? По СГО вроде могу!
Здравствуйте! Нам отказали в утверждении зем. проекта по вопросу разделения зем.участка по 109ст. Земельного Кодекса РК. Как нам быть?
Здравствуйте! Можно ли принять на работу человека который был уволен по ст.52 п.1 п.п.11 тк рк?
Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?
Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей