Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

ҚР Салық кодексi
19-бап. Ақшалай есеп айырысуларға және бақылау-касса машиналарына байланысты ұғымдар

Ақшалай есеп айырысуларға және бақылау-касса машиналарына байланысты ұғымдар: 

1) ақшалай есеп айырысулар – қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар; 

2) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – касса машиналарының тізілімі) – уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат берген бақылау-касса машиналары модельдерінің тізбесі; 

3) бақылау-касса машинасы – ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеу мен көрсетуді қамтамасыз ететiн, фискалдық жады блогы бар электрондық құрылғы және деректерді беру функциясы жоқ аппараттық-бағдарламалық кешен, деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы мен аппараттық-бағдарламалық кешен; 

4) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы – бақылау-касса машинасының салық органында тіркелу (есептен шығарылу) фактісін растайтын есепке алу құжаты; 

5) бақылау-касса машинасының чегі – сатушы (тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтi берушi) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын, қағаз түрінде не электрондық тәсілмен берілген бақылау-касса машинасының бастапқы есепке алу құжаты; 

6) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалы – көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қабылдауға не төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысуларға арналған электрондық-механикалық құрылғы; 

7) сауда автоматы – қолма-қол ақша не төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарларды өткізуді автоматты режимде жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы; 

8) тауар чегі – бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайларда пайдаланылатын ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын бастапқы есепке алу құжаты; 

9) тауар чектерінің кітабы – кітапқа біріктірілген тауар чектерінің жиынтығы; 

10) үш құрауышты интеграцияланған жүйе – деректерді тіркеп-белгілеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтерді көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрауышын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе; 

11) фискалдық белгі – бақылау-касса машинасының фискалдық режимде жұмыс істейтінін растау ретінде бақылау-касса машинасының чектерінде көрсетілетін айрықша символ; 

12) фискалдық деректер – фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының фискалдық жадында не деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының фискалдық деректерді жинақтауышында тіркелетін және салық органдарына берілген, фискалдық белгісі бар ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат; 

13) фискалдық деректерді жинақтауыш – деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасында жүргізілген ақшалай есеп айырысулар туралы ақпараттың түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені; 

14) фискалдық деректер операторы – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, фискалдық деректер операторларының тізбесіне енгізілген заңды тұлға; 

15) фискалдық режим – ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді фискалдық деректер операторы арқылы салық органдарына бір мезгілде бере отырып, ақпараттың фискалдық жадыда не фискалдық деректерді жинақтауышта түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының жұмыс істеу режимі.
Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться