Ст. 21 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
21-бап. Өзге де ұғымдар
Өзге де ұғымдар: 1) айлық есептік көрсеткіш – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы Кодексте айқындалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш;
2) әлеуметтік міндеттеме – әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттер;
3) валютаның ресми бағамы – "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банк белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамы;
4) ең төмен жалақы – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы Кодексте айқындалған күнге қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшері;
5) есепке алынуы салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) – есепке алынуын салық органы жүзеге асыратын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар бойынша берешектің бар немесе жоқ екенін растайтын құжат.
Берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер нысаны уәкілетті орган айқындаған жеке шотты жүргізу тәртібімен (бұдан әрі – жеке шотты жүргізу тәртібі) белгіленеді;
6) кезең үшін валютаның орташа арифметикалық ресми бағамы – мынадай формула бойынша айқындалған бағам:
R = (R1 + R2 + ... + Rn)/n,
мұнда:
R – кезең үшін валютаның орташа арифметикалық ресми бағамы;
R1, R2., Rn – кезең ішінде кезеңнің әрбір жұмыс күніне белгіленген тиісті валютаның ресми бағамы;
n – кезеңдегі жұмыс күндерінің саны.
Бұл ретте осы Кодексте пайдаланылатын "кезең үшін валютаның орташа арифметикалық ресми бағамы" термині Ұлттық Банк жариялайтын, кезең үшін валюталардың орташа ресми бағамына сәйкес келеді.
7) қатысу үлесі – акционерлік қоғамдар мен пайлық инвестициялық қорларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғаның бірлескен қызметке, заңды тұлғаның жарғылық капиталына үлестік қатысуы;
8) негізгі қорлар сыныптауышы – бухгалтерлік және статистикалық есепке алу салаларындағы негізгі қорларды есепке алу мақсатында "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен негізгі қорлар сыныптауышы;
9) салық органының ақпараттық жүйесі – меншік құқығында уәкілетті органға тиесілі және салықтық әкімшілендіруге арналған ақпараттық жүйе;
10) салық органының сәйкестендіру деректері – салық органының атауы, коды, мекенжайы;
11) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – салық төлеушілер базасы) – салық төлеушілерді салықтық тіркеуді жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе;
12) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты (бұдан әрі – жеке шот) – салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған) сомаларын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомаларын есепке алуға арналған құжат;
13) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру деректері – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – тегі, аты және әкесінің аты) немесе атауы, сәйкестендіру нөмірі, тұрған жері, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) заңды тұлға болып табылатын жағдайларда – басшының тегі, аты және әкесінің аты;
14) салықтық мобильдік қосымша – салық төлеушінің электрондық көрсетілетін салықтық қызметтерді алуы және өзінің салықтық міндеттемелерін орындауы үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған бағдарламалық өнім;
15) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері (бұдан әрі – нөмірлер тізілімдері) – қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірлерін және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), дара кәсіпкерлердің бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін тіркеу есебін жүзеге асыруға арналған мемлекеттік дерекқорлар;
16) тауарларға ілеспе жүкқұжат – тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған, оның ішінде тауарлардың салық төлеушіге тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжат;
17) ұтыс – салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ұтыс ойындарын қоса алғанда, салық төлеушінің конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), лотереялар, ұтыс ойындары бойынша фестивальдарда заттай және ақшалай түрде алған кірісі, сондай-ақ құмар ойыннан және (немесе) бәс тігуден мүліктік пайда түрінде алған кірісі;
18) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі – салық органының шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруді, электрондық нысанда жазып берілген электрондық шот-фактураларды және орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілерін, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды қабылдауды, өңдеуді, тіркеуді, беруді және сақтауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйесі.
Бұл ретте осы Кодексте пайдаланылатын "электрондық шот-фактура" термині "электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура" ұғымымен бірдей болады.
2-параграф. Салық салудың құқықтық негіздері
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Салық кодексi 19-бап. Салық органдарының құқықтары ҚР Салық кодексi 44-бап. Қатысу үлесі және акциялар түрінде мүлікті сенімгерлік басқару кезінде корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері ҚР Салық кодексi 14-бап. Салық агентінің құқықтары мен міндеттері ҚР Салық кодексi 447-бап. Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін салық декларациясын табыс ету мерзімдері ҚР Азаматтық процестік кодексі 210-бап. Заттай дәлелдемелердi зерттеуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей