Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 228 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 21.09.2021

ҚР Салық кодексi
228-бап. Құн өсімінен түсетін кіріс

1. Құн өсімінен түсетін кіріс: 

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу; 

2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;  

3) амортизацияға жатпайтын активтердің бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалуы кезінде құралады. 

2. Осы баптың мақсаттарында амортизацияға жатпайтын активтерге: 

1) жер учаскелері; 

2) аяқталмаған құрылыс объектілері; 

3) орнатылмаған жабдық; 

4) кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер, оның ішінде сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер; 

5) осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген активтерге жатқызылмайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер; 

6) бағалы қағаздар; 

7) қатысу үлесі; 

8) инвестициялық алтын; 

9) 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құны толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар; 

10) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға енгізілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер; 

11) осы Кодекстің 239-бабына сәйкес әлеуметтік сала объектілеріне жатқызылған мүлік жатады. 

3. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтер бойынша: 

1) өткізу кезінде – өткізу құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма; 

2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – жарғылық капиталға салымның құны негізге алына отырып айқындалған активтің құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма; 

3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма әрбір актив бойынша өсім болып танылады. 

4. Борыштық бағалы қағаздар бойынша: 

1) өткізу кезінде – дисконттың амортизациясы және (немесе) өткізілген күнгі сыйлықақы ескеріле отырып, өткізілу құны мен бастапқы құн арасындағы, купон ескерілмеген оң айырма; 

2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – дисконттың амортизациясы және (немесе) берілген күнгі сыйлықақы ескеріле отырып, жарғылық капиталға салымның құны негізге алына отырып айқындалған борыштық бағалы қағаздың құны мен бастапқы құн арасындағы, купон ескерілмеген оң айырма; 

3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде – дисконттың амортизациясы және (немесе) шығып қалу күнгі сыйлықақы ескеріле отырып, беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген құн мен бастапқы құн арасындағы, купон ескерілмеген оң айырма әрбір бағалы қағаз бойынша құн өсімі болып танылады. 

5. Осы баптың 2-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша: 

1) өткізу кезінде – өткізу құны; 

2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – жарғылық капиталға салымның құны; 

3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде – беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген құн әрбір актив бойынша құн өсімі болып танылады. 

6. Осы баптың 2-тармағының 1) – 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны мынадай тәртіппен айқындалады: 

сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығындар жиынтығы, 

немесе 

егер активтер жарғылық капиталға салым ретінде алынған жағдайда – жарғылық капиталға салымның құны, 

немесе 

егер активтер қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған жағдайда – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн, 

немесе 

егер активтерді акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капитал азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент-заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде, мүлікті бөлу нәтижесінде алған жағдайда – мүлікті бөлу кезінде акционер, қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің, осындай мүліктің берілгенін растайтын және тараптардың қолдарымен куәландырылған құжатта көрсетілген қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбастан, беруші тұлғаның бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) беру күніндегі баланстық құны, 

немесе 

егер автивтер өтеусіз алынған жағдайда – осы Кодекске сәйкес өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық кіріске қосылған құн, 

қосу 

мыналардан: 

осы Кодекстің 264-бабының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес шегерiмге жатқызуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан); 

амортизациялық аударымдардан басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың құнын, оның ішінде сатып алынғаннан кейін де ұлғайтатын басқа да шығындар. 

Тіркелген активтердің құрамынан алып тасталған, осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген активтердің бастапқы құны осындай активтердің тіркелген активтер құрамынан шығып қалған күнге халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған, қайта бағалануы мен құнсыздануы есепке алынбаған баланстық құны болып табылады. 

7. Мыналар қатысу үлесінің бастапқы құны болып табылады: 

оны сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың, қатысу үлесін сатып алуға байланысты және оның құнын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұлғайтатын шығындардың жиынтығы, 

және (немесе) 

жарғылық капиталға салымның құны, оның ішінде, егер қатысу үлесі жарғылық капиталға салым ретінде алынған болса, салымның құны, 

және (немесе) 

егер қатысу үлесі қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған жағдайда – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн, 

және (немесе) 

егер активтерді акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капитал азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент-заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде, мүлікті бөлу нәтижесінде алған жағдайда – мүлікті бөлу кезінде акционер, қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің, осындай мүліктің берілгенін растайтын және тараптардың қолдарымен куәландырылған құжатта көрсетілген қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбастан, беруші тұлғаның бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) беру күніндегі баланстық құны, 

және (немесе) 

егер қатысу үлесі өтеусіз алынған жағдайда – осы Кодекске сәйкес өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық кіріске қосылған құн. 

7-1. Резидент-заңды тұлға бейрезидент-заңды тұлғадан сатып алу нәтижесінде алған, осы баптың 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны мынадай тәртіппен айқындалады: 

сатып алу-сату шартында немесе активтер соған сәйкес сатып алынған келісімнің өзге де түрінде көрсетілген активтерді сатып алуға бейрезидент-заңды тұлға шеккен іс жүзіндегі шығындар, 

немесе 

егер активтер бейрезидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде алынған болса – жарғылық капиталға салымның құны, 

немесе 

егер активтер бейрезидент-заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған болса – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн, 

немесе 

егер активтерді бейрезидент-заңды тұлға осы бейрезидент-заңды тұлға акционері (қатысушысы, құрылтайшысы) болып табылатын заңды тұлға таратылған немесе осындай заңды тұлғаның жарғылық капиталы азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға бейрезидент заңды-тұлғадан акцияларды, осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған кезде мүлікті бөлу нәтижесінде алған болса – бейрезидент-заңды тұлға мүлікті бөлу кезінде заңды тұлғадан алатын (алған), оның ішінде беру күні осындай мүліктің берілгенін растайтын және тараптардың қолымен куәландырылған құжатта көрсетілген, қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбастан заңды тұлғаның бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген), бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің баланстық құны, 

қосу 

егер бейрезидент-заңды тұлға берілетін заңды тұлғаның жарғылық капиталына салымдарды жүзеге асырған болса – жарғылық капиталға осындай салымдардың құны, 

қосу 

резидент-заңды тұлға оны сатып алғаннан кейін заңды тұлғаның жарғылық капиталына салымдардың құны. 

Егер активтердің құны шетел валютасында айқындалған болса, мұндай құн жоғарыда көрсетілген операциялар және (немесе) әрекеттер жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі. 

Бұл ретте, бастапқы құн тараптардың қолымен куәландырылған, осындай активтердің өткізілуін растайтын құжатта көрсетілуге жатады. 

Осы тармақ бастапқы құнын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері болған кезде осындай активті қабылдаған резидент-заңды тұлғаның активті кейіннен сату мақсаттары үшін қолданылады. 

Егер активтерді беруші және сатып алушы тұлғалардағы қатысу үлестерінің, бағалы қағаздардың немесе басқа да үлестік қатысу нысандарының кемінде тоқсан тоғыз пайызы тікелей немесе жанама түрде бір жеке тұлғаға тиесілі болса, осы тармақтың ережелері қолданылады. 

8. Осы Кодекстің 239-бабына сәйкес әлеуметтік сала объектілеріне жатқызылған мүліктің бастапқы құны мұндай активтердің шығып қалған күнгі, қайта бағалануы мен құнсыздануы ескерілмеген, баланстық құны болып табылады. 

9. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

10. Осы баптың мақсаттары үшін жарғылық капиталға салым құны: 

жарғылық капиталға салым ретінде, оның ішінде жарғылық капиталға қосымша салым ретінде берілген (алынған) активтің қабылдау-беру актісінде немесе активті қабылдау мен беруді, оның құнын растайтын өзге де басқа құжатта көрсетілген, бірақ төлеу есебіне актив берілген (алынған) жарғылық капиталға салым сомасынан аспайтын құны; 

жарғылық капиталға салым ретінде, оның ішінде жарғылық капиталға қосымша салым ретінде енгізілген (алынған), бірақ төлеу есебіне ақша берілген (алынған) жарғылық капиталға салым сомасынан аспайтын ақша сомасы болып табылады. 

11. Құн өсімінен түсетін кіріс: 

1) амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде – осындай активті өткізу; 

2) амортизацияға жатпайтын активті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүзеге асырылған салықтық кезеңде – осындай активті жарғылық капиталға салым ретінде беру; 

3) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған салықтық кезеңде – амортизацияға жатпайтын активтің бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалуы; 

4) бөлу балансы бекітілген салықтық кезеңде – амортизацияға жатпайтын активтің бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалуы кезінде танылады. 

12. Бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер осы Кодекстің 300-бабы 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кіріске қосылады. 

Ескерту. 228-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...226 227 228 229 230 ...776

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый вечер! У меня такая ситуация,получаю пособие на ребенка по потери кормильца (матери), два месяца назад устроился на работу,были пенс.отчисления. В сентябре месяце ребенку пришло пособие 1тг, позвонив сказали что удержали за то что я устроился на работу,правомерно ли удерживать пенсию ребенка если на нас двоих платили 36тыс тг,а пенсионные отчисления за 2 месяца по МЗП,Т.Е по 4250 за каждый месяц.И должен ли я им еще что-то ворачивать?! Спасибо заранее


Добрый вечер! У меня такая ситуация по проводу земельного участка, у есть земельный участок, гос акт с 2009 года, налоги плачу по сегодняшний день свое временно, но на моём участке есть чужое строение т.е жилой дом, я подала заявление в суд на снос чужого строения, предоставила все документы; гос акт, решение акима, справа с налоговой, юстиции, зем. комитета, архитектуры, кадастра! Но как выяснилось через множество судов, которые были у них тоже есть документы на этот земельный участок! Теперь я отозвала свое заявление, и подала новое заявление на установление права регистрации земельного участка, и его хронологическую историю! Т.е когда был выдан гос акт, и всё право устанавлиющие документы! Мои действия дальше, помогите по шагам, согласно Закону РК правильно, от судить мой участок! Мой гос. акт выдан 2009 году, а у них в 2011 году! Что мне делать дальше, и правильно ли я подала заявление?


Здравствуйте. Для удостоверения подлинности подписи переводчика у нотариуса, вы должны прийти к нотариусу с переводчиком. Именно подпись переводчика будет заверять нотариус. Если нотариус вам отказал потому, что у него есть дела по важнее, требуйте от него мотивированное постановление об отказе в услуге. Нотариус не имеет права вам отказать из-за других сделок. Жалобу на действия нотариуса вы можете направить в нотариальную палату или Департамент юстиции.


5 лет назад Суд вынес решение взыскать с должницы 300тыс тенге (долг) и вот уже сменилось 3 ЧСИ (судебники) и не могут взыскать объясняя что на ней нету ни недвижимости ни счетов ни чего, а она ещё должна 3-4 людям, у них вся семья такая берут деньги и не отдают и на всех есть решение суда а результата нету. Вот интересно можно ли таких должников сажать за невыполнения постановления суда. Судебный исполнитель говорит что в практике ни разу не встречал что бы ст430 УК РК исполнялся по таким именно делам (должники).

как быть подскажите.


Как можно пожаловаться на нотариуса? Город маленький все друг друга знают, так и нотариус ведет себя, не как клиенту, а грубо посылая, и отказывая то что мне не будет подписать перевод моего документа, так как его переводил переводчик, а не он сам. Так у него услуги дороже чем переводчика. И постоянно ссылается на то что есть дела поважнее чем мои, такие как оформление квартиры или ЕНПФ, так как это приносит ему больше денег.

ОН пока единственный нотариус в городе.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться