Ст. 254 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
254-бап. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған және зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға арналған шығыстар бойынша шегерім
Ескерту. 254-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 01.07.2024 № 105-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Тіркелген активтерді сатып алуға, оларды орнатуға арналған шығыстар мен күрделі сипаттағы басқа да шығыстардан бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті органның ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша хабарламалары болған жағдайда шегерімге жатады.
Осындай шығыстарды шегерімге жатқызуға мыналар негіз болып табылады:
ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығыстар бойынша – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есеп, сондай-ақ осындай қызметке байланысты шығыстарды растайтын құжаттар;
ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды сатып алуға арналған шығыстар бойынша – іс жүзінде орындалған техникалық тапсырма және осындай жұмыстардың аяқталған кезеңдерін қабылдап алу актілері.
2. Зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және стартап-компаниялардан сатып алуға арналған, оларды одан әрі коммерцияландыруға бағытталған шығыстар шегерімге жатады.
Осындай шығыстарды шегерімге жатқызуға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген лицензиялық шарт немесе басқаға беру (ішінара беру) шарты негіз болып табылады.
3. Егер осы Кодекстің 255-бабында өзгеше көзделмесе, зерттеу университеттері жанынан ғылыми орталықтар құруды қаржыландыру Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті органның ғылыми орталық құру туралы хабарламасы болған кезде шегерімге жатады.
Ескерту. 254-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2024 № 105-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.
В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей