Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 274 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.06.2023

ҚР Салық кодексi
274-бап. Инвестициялық салықтық преференциялар

1. Инвестициялық салықтық преференциялар (бұдан әрі осы параграфта – преференциялар) салық төлеушінің таңдауы бойынша осы бапқа және осы Кодекстің 275 және 276-баптарына сәйкес қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды шегеруге жатқызуды білдіреді. 

Осы баптың 6-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары преференцияларды қолдану құқығына ие болады. 

2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгізілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар және құрылысжайлар, машиналар мен жабдық өздері пайдалануға енгізілген салықтық кезеңнен кейінгі кемінде үш салықтық кезең ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келсе: 

1) концессия шарты шеңберінде концеденттің концессионерге (құқық мирасқорына немесе концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаға) иеленуге немесе пайдалануға берген, қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын активтер немесе негізгі құралдар болып табылса; 

2) преференцияларды қолданған салық төлеуші кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланып жатса; 

3) өздерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себептік-салдарлық байланысы бар активтер болып табылмаса; 

4) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салықтық есепке алуда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатпаса; 

5) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға енгізілетін активтер болып табылмаса; 

6) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жасалған инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық басым жоба шеңберінде пайдалануға енгізілген активтер болып табылмаса; 

7) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес салық салынатын кірісті азайту жүргізілген активтер болып табылмаса, преференциялар объектілеріне жатқызылады. 

Осы тармақтың мақсаттары үшін жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жерасты суларын өндіруге осындай құқықты иеленгендіктен ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын және өндірілген жерасты суын алкогольсіз сусындар өндіру үшін пайдаланатын жағдайда, жерасты суларын өндіруге арналған келісімшарт жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп танылмайды. 

3. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды, машиналар мен жабдықты реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстар, мұндай ғимараттар мен құрылысжайлар, машиналар мен жабдықтар бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде: 

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында негізгі құралдар ретінде есепке алынса; 

2) реконструкциялау, жаңғырту жүзеге асырылғаннан соң пайдалануға енгізілген салықтық кезеңнен кейінгі кемінде үш салықтық кезең ішінде кіріс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған болса; 

3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңінде пайдаланудан уақытша шығарылса; 

4) өздерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себептік-салдарлық байланысы бар активтер болып табылмаса; 

5) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салықтық есепке алуда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатпаса, өздері іс жүзінде жүргізілген салықтық кезеңде шегерімге жатқызылуға жатады. 

Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін негізгі құралды реконструкциялау, жаңғырту – келесі шығыстардың бір түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде: 

негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңарту; 

негізгі құралдың қызмет мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту; 

реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін осы негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылады. 

4. Осы баптың мақсаттарында мыналардан: 

сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен); 

мәдени-ойын-сауық мақсатындағы ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен); 

қонақ үй, мейрамхана ғимараттарынан және қысқа мерзімде тұруға, қоғамдық тамақтануға арналған басқа да ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен); 

офистік ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен); 

автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен); 

автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен) басқа тұрғынжай емес ғимараттар (тұрғынжай емес ғимараттардың бөліктері) өндірістік мақсаттағы ғимараттарға жатады. 

Осы баптың мақсаттарында спортқа арналған құрылысжайлар мен демалу орындарынан, мәдени-ойын-сауық, қонақ үй, мейрамхана мақсатындағы, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер тұрағына немесе аялдауына арналған құрылысжайлардан басқа құрылысжайлар өндірістік мақсаттағы құрылысжайларға жатады. 

5. Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін: 

1) құрылыс мердігерлігі шартын жасасу жолымен салу кезінде – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес ғимаратты (ғимараттың бөлігін) пайдалануға енгізу актісіне қол қойылғаннан кейін құрылыс салушының құрылыс объектісін тапсырыс берушіге беруі; 

2) қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес ғимаратты (ғимараттың бөлігін) пайдалануға енгізу актісіне қол қою Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан тұрғызылған ғимараттың (ғимарат бөлігінің) алғаш рет пайдалануға енгізілуі болып табылады. 

6. Мынадай шарттардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келсе: 

1) салық төлеушіге салық салу осы Кодекстің 21-бөліміне сәйкес жүзеге асырылса; 

2) салық төлеуші спирттің, алкоголь өнімінің, темекі бұйымдарының барлық түрлерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асырса; 

3) салық төлеуші осы Кодекстің 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимін қолданса, салық төлеушілердің преференцияларды қолдануға құқығы болмайды. 

Ескерту. 274-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...272 273 274 275 276 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, каков порядок реорганизации школ в РК? Как происходит процедура реорганизации? Где можно ознакомится с порядком и правилами осуществления реорганизации основной школы в начальную?


добрый день по вашему вопросу по применению 190 УК РК не возможно



Здравствуйте, Всё началось в сентябре месяце 2022 года. Мошенники завладели моим имуществом машиной Субару Форестер и квартирой. Заведено уголовное дело № 227580031000990 по ч. 3 ст. 190 УК РК (мошенничество). Можно ли признать сделки не действительными? Меня выселяют из квартиры. А это моё единственное жильё. Я пенсионерка, мне 66 лет. Прошу вас о помощи. Что нужно дела? Дело находиться в Департаменте Полиции. Мошенники задержаны. Как то так.


Здравствуйте, подруга часто просила деньги в долг я ей занимала , всегда возвращала вовремя . В один день попросила взять кредит для нее , я взяла уже год данный человек не платит кредит . В суд писала дали исполнительный лист , имущества на данном человеке не зарегистрировано. В рувд сказали написать в Министерство юстиции по бездействию судебного исполнителя . Суд же принял заявление и решение было в мою пользу , но Элянур не платила кредит , после чего мне дали исполнительный лист для обращения в рувд . Как мне применить статью 190 РК у данному человеку ?! Помогите решить вопрос


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться