Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 276 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.02.2026

ҚР Салық кодексi
276-бап. Тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу

1. Тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу негізгі қорлар сыныптауышына сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 

Р/с
№ 
Топтың №  Тіркеп-белгіленген активтердің атауы 
1.  Мұнай және газ ұңғымаларын, сондай-ақ беру құрылғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылысжайлар 
2.  II  Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдықтар 
3.  III  Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтылым және жабдықтар 
4.  IV  Басқа топтарға енгізілмеген тіркеп-белгіленген активтер, оның ішінде мұнай және газ ұңғымалары, беру құрылғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары 

 

2. Тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу мыналарды:  

1) салықтық кезеңнің басындағы және соңындағы I топ объектілерінің құндық баланстарын және (немесе) топтардың құндық баланстарын; 

2) тіркеп-белгіленген активтердің салықтық кезеңдегі түсімдерін; 

3) тіркеп-белгіленген активтердің салықтық кезеңдегі шығып қалуын; 

4) I топ объектілерінің қалдық құнын; 

5) тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстарды есепке алу түрінде жүргізіледі. 

3. Топтардың құндық баланстары салықтық кезеңнің басында және соңында: 

I топ бойынша – әрбір объект бойынша айқындалады. Әрбір объект бойынша құндық баланстардың жалпы сомасы I топтың құндық балансын құрайды; 

II, III және IV топтар бойынша – әрбір топ бойынша айқындалады. 

4. Салықтық кезеңнің басындағы I топ объектісінің құндық балансы және (немесе) топтардың құндық баланстары мынадай формуланы қолдану кезінде алынған соманың оң мәні ретінде айқындалады: 

алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің құндық балансы және (немесе) топтардың құндық балансы 

алу 

алдыңғы салықтық кезеңде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы 

алу 

осы Кодекстің 282-бабына сәйкес шегерімдер мен түзетулер. 

5. Салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектілерінің құндық балансы және (немесе) топтардың құндық баланстары: 

салықтық кезеңнің басындағы I топ объектісінің құндық балансы және (немесе) топтың құндық балансы 

қосу 

осы Кодекстің 277-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша салықтық кезеңде түскен тіркеп-белгіленген активтер 

алу 

осы Кодекстің 279-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша салықтық кезеңде шығып қалған тіркеп-белгіленген активтер, 

қосу 

осы Кодекстің 281-бабына сәйкес I топ объектісінің құндық балансы немесе топтың (II, III немесе IV топтар бойынша) құндық балансын ұлғайтуға немесе қалыптастыруға жатқызылатын тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстар. 

6. Салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің қалдық құны: 

салықтық кезеңнің басындағы I топ объектісінің құндық балансы 

қосу 

осы Кодекстің 281-бабына сәйкес тіркеп-белгіленген активтер бойынша осы объектінің құндық балансын ұлғайтуға немесе І топ объектісінің құндық балансын қалыптастыруға жатқызылатын кейінгі шығыстар ретінде айқындалады. 

7. Сенімгерлік басқарушы осы Кодекстің 275-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тіркеп-белгіленген активтер бойынша I топ объектілерінің жекелеген құндық баланстарын және (немесе) топтардың (II, III немесе IV топтар бойынша) құндық баланстарын қалыптастырады және осындай активтер бойынша осы Кодекстің 210 және 211-баптары негізінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.

Статья 1 ...274 275 276 277 278 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

жана матор алган едім алган күннен бастап паддон крышкадан май кетіп бастады, паддон, бакавой крышка, клапнный крышкаданда оны жасап берді бірдеме қылып 14 кун гарантя берген гарантия біткеннен кеиін 9 күннен кеиін матордын суынан пена тәріздес болып кетті мамандар ол блок немесе галовкада трешинна бар дейді ашпадым Алган жеріме барсам гарантя отті бітті ақшасын тоилеисін деиді ол дұрыспа зандылыгы керек еді сотка жүгіндім


Менің бірге жұмыс жасайтын напарницаи еңбек демалысына шықты,маған жалғыз жұмыс жасағаным үшін ақы төленеме?


Сәлеметсізбе,менің ерекше қызым бар,жасы 7де,жолдасыммен ажырасқанмын,Қалалық емханада фармацевт болып жұмыс жасаймын,қызымды күнделікті ақылы оңал у орталығына жұмыстан кейін кешкі уақытта апарамын,8 сағаттық жұмысымды қырқартып алуыма болама


Как быть когда сверху над головой бегает ребенок(сегодня с8.22) и целый день до позднего вечера, и это каждый день. Буквально каждый день


Здравствуйте! В протоколе всё описано верно ,я ехала на разрешающий знак светофора, в меня въехали, ехали на запрещающий знак светофора, но при этом пишут опрашивали меня в качестве нарушителя руководствуясь частью 2 статьи 767 Кодекса РК. нужно ли опротестовать протокол?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться