Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 291 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
291-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу

1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн: 

1) осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін құрылған, жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес ұйым; 

2) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде: 

Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған; 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған Жоғары қамқоршылық кеңес жоғары басқару органы болып табылатын; 

мынадай: 

қосымша білім беру; 

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген: 

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын, бастауыш мектеп; 

негізгі мектеп; 

жоғары мектеп; 

орта білімнен кейінгі білім беру; 

жоғары білім беру; 

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын коммерциялық емес білім беру ұйымы; 

3) бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн: 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам болып табылатын; 

осындай қоғамның дауыс беретін акцияларының 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаға тиесiлi болатын; 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 

4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай шарттарға сай келсе: 

осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не ол осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса; 

жылдық жиынтық кірісінде алынған кірістерінің кемiнде 90 пайызын осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі кірістері, сондай-ақ мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін: 

медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторийлік-курорттық көрсетілетін қызметтердi қоспағанда); 

қосымша білім беруді; 

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген: 

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын, бастауыш мектеп; 

негізгі мектеп; 

жоғары мектеп; 

орта білімнен кейінгі білім беру; 

жоғары білім беру; 

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін жүзеге асырудан алынған кірістері құраса; 

ғылым саласындағы қызметті, атап айтқанда: 

iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын; 

осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырса, осы ұйым дербес білім беру ұйымы деп танылады. 

Осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға алынған және бағытталған, құрылтайшыдан (қатысушыдан) түскен түсімдер де осы тармақшаның мақсаттары үшін жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістер болып танылады; 

5) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай шарттарға сай келсе: 

осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не ол осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса; 

ғылым саласындағы мынадай: 

ғылыми-техникалық; 

инновациялық қызмет; 

іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу қызметі түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырса, осы ұйым дербес білім беру ұйымы болып танылады. 

Жүзеге асырылатын қызмет түрлерін осы тармақшада көрсетілген ғылым саласындағы қызмет түрлеріне жатқызу ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталады. 

Егер ұйымдар мына қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін: 

медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтердi қоспағанда); 

қосымша білім беруді; 

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген: 

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын, бастауыш мектеп; 

негізгі мектеп; 

жоғары мектеп; 

орта білімнен кейінгі білім беру; 

жоғары білім беру; 

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін; 

осы қызмет түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асырса, оларға осы тармақша қолданылмайды; 

6) егер ұйым бір мезгілде мынадай шарттарға сай келсе: 

осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса; 

тек қана мынадай жұмыстар мен қызметтерді орындаса және көрсетсе: 

кітапханалық қорды, оның ішінде электрондық нысанда уақытша пайдалануға берсе; 

ақпаратты өңдеу үшін компьютерлерді, бағдарламалық қамтылым мен жабдықтарды уақытша пайдалануға берсе; 

жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тек мынадай ұйымдарға: 

осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына; 

өзіне әкімшілік-шаруашылық қызметті қамтамасыз ету мен оған қызмет етілуін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің көрсетілуі мақсатында осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлға 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін құрған коммерциялық емес ұйымға ғана көрсетсе, осы ұйым дербес білім беру ұйымы болып танылады. 

2. Дербес бiлiм беру ұйымы бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындаған кезде осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады. 

Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы алған таза кіріс немесе мүлік қатысушылар арасында бөлінген салықтық кезеңдер бойынша осы тармақтың ережесi қолданылмайды. 

Ескерту. 291-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

292-бап 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

Статья 1 ...289 290 291 292 293 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться