Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 293 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

ҚР Салық кодексi
293-бап. Салық төлеушілердің басқа санаттарына салық салу

1. Осы баптың ережелерін мынадай: 

1) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын және (немесе) бербоут-чартер, тайм-чартер шарттары бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынатын; 

2) 01.01.2023 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

3) 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

4) Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;  

5) Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмнің құқық иеленушілері болып табылатын салық төлеушілер қолданады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

6) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар болып табылатын салық төлеушілер; 

7) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құрлықта газ жобаларын игеруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар қолданады. 

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдау және (немесе) бербоут-чартер, тайм-чартер шарттары бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызмет бойынша және басқа қызмет түрлері бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізеді. 

Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдау және (немесе) бербоут-чартер, тайм-чартер шарттары бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызмет бойынша осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы 100 пайызға азайтылуға жатады. 

3. 01.01.2023 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

4. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

4-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер мен өзге де кірістер бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді. 

Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы 100 пайызға азайтылуға жатады. 

4-2. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған, пайдалануға айрықша құқығы бар фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда прокаттаудан және көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер мен өзге де кірістер бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді. 

Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған, пайдалануға айрықша құқығы бар фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда прокаттаудан және көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады. 

Осы Кодекстің мақсаттары үшін "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шарт немесе өзге де негіз бойынша ұлттық фильмді пайдалануға айрықша құқығы бар заңды тұлға ұлттық фильмнің құқық иеленушісі болып танылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-3-тармақ 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

4-3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар корпоративтік табыс салығының бюджетке төленуге тиісті сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады. 

Осы Кодекстің мақсаттары үшін "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: 

1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар ретінде тіркелген; 

2) кірістерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан ғана алатын заңды тұлғалар жатады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-3-тармақтың үшінші бөлігіне енгізілген өзгеріс 01.01.2023 бастап 01.01.2029 дейін қолданыста болады – ҚР 21.12.2022 № 165-VII Заңымен.

Осы тармақта көзделген, корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушы кірістерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан ғана алған жағдайда, депозиттер бойынша сыйақы, оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып түсуі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлеріне сәйкес келетін қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін өтеусіз алынған мүлік түріндегі кірістер бойынша, сондай-ақ күмәнді міндеттемелер бойынша кірістер, өсімпұлдардың және айыппұлдардың сомасы бойынша да қолданылады.  

Бұл ретте "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар тауарларды өндірген және өткізген жағдайда, мұндай тауарлар меншікті өндірістің өлшемшарттарына сәйкес келуге тиіс. 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді. 

Осы тармақта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар бұзушылыққа жол берілген салықтық кезең басталған күннен бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданады. 

Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын, зияткерлік меншік объектілерінен және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірісті айқындау тәртібін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. 

4-4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құрлықта газ жобаларын игеруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осындай келісімшарт бойынша бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады. 

5. Осы баптың ережелерін қолданатын салық төлеушілер осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа ережелерін қолдануға құқылы емес. 

Ескерту. 293-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2019 № 213-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

30-тарау. БАҚЫЛАНАТЫН ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯНЫҢ ПАЙДАСЫНА САЛЫҚ САЛУ

Статья 1 ...291 292 293 294 295 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться