Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 341 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

ҚР Салық кодексi
341-бап. Кірісті түзету

1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен мынадай кіріс түрлерi алып тасталады (бұдан әрі – кірісті түзету):

1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

2) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген екінші деңгейдегі банктердегі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы өздерінің салымдары (депозиттері) бойынша төленетiн сыйақылар;

3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;

4) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақылар;

5) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезінде құн өсiмiнен түсетін кірістер;

6) агенттiк облигацияларды өткiзу кезінде құн өсiмiнен түсетін кірістер;

7) бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақыларды есепке жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміндегі осындай дивидендтер мен сыйақылар.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі күнтізбелік жылда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өлшемшарттарға сәйкес биржада сауда-саттық жүзеге асырылған бағалы қағаздар бойынша дивидендтерге қолданылады;

8) мыналарды:

акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын таза кірісті немесе оның бір бөлігін;

резидент-заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза кірісті немесе оның бір бөлігін;

резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе жарғылық капитал азайтылған кезде, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы резидент-заңды тұлғаға қатысу үлесiн немесе оның бір бөлігін сатып алған кезде және осындай эмитент-заңды тұлға акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн кірісті бөлу кезінде күнтізбелік жыл ішінде резидент-заңды тұлғадан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 еселенген мөлшері шегінде алынған дивидендтерге қолданылады;

8-1) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер;

9) әскери қызмет міндеттерін орындауына байланысты әскери қызметшінің, қызметтік міндеттерін орындауына байланысты арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің, құқық қорғау органдары қызметкерінің (кеден органдарының қызметкерін қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің кірістері;

10) әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киімді киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдарын қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызметтік міндеттерін орындауына байланысты алатын төлемдердің барлық түрі;

11) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері шегiнде бір лотерея бойынша ұтыс;

12) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінде бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiптік оқытуға байланысты төлемдер;

13) "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер.

Осы тармақшаның ережелері жеке тұлға:

"Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте кірісті түзетуді қолдану үшін өтінішті;

растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде қолданылады;

14) 01.01.2021 дейін қолданыста болды – ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен;
15) акцияларды, резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер. Осы тармақша бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде қолданылады:

акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеуші осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді;

осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін осындай консорциумға қатысушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;

жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкі осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы құнында осындай өткізу күніне 50 пайыздан аз болады.

Осы тармақшаның мақсатында жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.

Бұл ретте акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлға немесе консорциум активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;

16) өткiзу күнiне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн кірістер;

17) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және бір жыл және одан көп уақыт меншік құқығында болған механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

18) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

19) бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы, гараж салу болып табылатын, осы Кодекстің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

20) бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы, гараж салу болып табылатын, осы Кодекстің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

21) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған мүлік құнының өсімі;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа):

инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген әлеуметтік төлемдердің сомасы мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезіне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма түрінде;

өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген кезде – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне, асырауындағы адамдарға, мұрагерлері мен оларды алуға құқығы бар адамдарға;

көтермелеу түрінде – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарға;

дүлей зілзалаға немесе басқа да төтенше мән-жайларға байланысты залалдардың орнын толтыру түрінде;

төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген мүліктік зиянды өтеу түрінде;

өтемақы төлемдері түрінде – еңбек шартының қолданылуы тоқтатылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде;

көтермелеу түрінде – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін универсиада жүлдегерлері мен қатысушыларына және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелеріне;

төленетін өмір бойғы ай сайынғы қамтылым түрінде – зейнеткерлік жасқа толған, отставкадағы судьяларға;

Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықақылар, мемлекеттік стипендиялар түрінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін төлемдер;

23) күнтізбелік жыл iшiнде салық агенті жүргізген әрбiр төлем түрi бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегiндегі:

жеке тұлға медициналық көрсетілетін қызметтерді (косметологиялықтан басқа) алғанын және оларға ақы төленген нақты шығыстарын растайтын құжаттарды берген кезде – жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын немесе ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты және ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының төленгенін растайтын құжат болған кезде – жұмыс берушінің ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге арналған шығыстарын жабу үшiн;

жұмыскер баланың (балалардың) тууы туралы куәліктің (куәліктердің) көшірмесін берген кезде – баласы туған кезде жұмыскерге материалдық көмек көрсету түріндегі;

қайтыс болғаны туралы анықтама немесе қайтыс болғаны туралы куәлік болған кезде – жерлеуге арналған төлемдер.

Кіріске түзету қолдану туралы өтініш негізінде және растайтын құжаттар болған кезде көрсетілген кірістер салық салудан босатылады;

Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 10-2) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды;

24) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық жұмыскерлердiң ресми кірістері;

25) кірісі салық салуға жататын шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiндегі шетелдiктердің ресми кірістері;

26) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебiнен төленетiн шетел валютасындағы ресми кірістері;

27) жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерi және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;

28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақысы);

29) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекеттiң сыйлықақылары;

30) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жұмсалған, оқытуға жіберілген шығыстар;

31) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;

32) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшері шегінде – Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасы шегеріле отырып, жұмыс берушінің жүктілік пен босану бойынша демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлердің демалысына ақы төлеуге арналған шығыстары түріндегі кірістер.

Егер жұмыс берушінің осы тармақшада көрсетілген шығыстары еңбек және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, осы тармақшаның ережелері қолданылады;

33) мемлекеттiк стипендиялар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде ұйымдар бiлiм беру ұйымдарында білім алатын адамдарға төлейтiн стипендиялар;

34) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын, білім беру ұйымдары осындай ұйымдардағы білім алушыларға төлейтін Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы стипендиялары мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиялары;

35) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын, білім беру ұйымдары осындай ұйымдардағы білім алушыларға төлейтін мемлекеттік атаулы стипендиялар;

36) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарын оқытуды және олардың тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды төлеуге арналған төлемдер;

37) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алатын адамдарға жол жүру шығыстарының өтемақылары;

38) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан өтеусіз негізде, оның ішінде сыйға алу және мұраға қалдыру түрінде алған мүлік.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері:

дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған мүлікке;

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мұраға қалған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;

39) қайырымдылық және демеушілік көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;

40) осы Кодекстiң 329-бабында көзделген кірістерді қоспағанда, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру жағдайына байланысты, кез келген сақтандыру түрi кезiнде төленетiн сақтандыру төлемдерi;

41) жеке тұлға өз пайдасына және (немесе) жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) пайдасына және (немесе) жұмыс беруші жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеген жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері;

41-1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары төлейтін сатып алу сомалары;

42) сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқарудан түсетін, резидент-жеке тұлғадан, оның ішінде сенімгерлік басқарушы болып табылатын дара кәсіпкерден алған таза кірісі;

43) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан (немесе оның бір бөлігінен) бөлінген, бұрын осы Кодекстің 340-бабына сәйкес жеке табыс салығы салынған дивидендтер;

44) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс;

45) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу үшін бюджет қаражатынан берілетін субсидиялар;

46) моральдық зиянды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянға өтем;

47) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бөлігінде жұмыс беруші жасасқан жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары және аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;

48) материалдық нұқсанды өтеудің сот шешімі бойынша тағайындалатын, сондай-ақ сот шығыстарының сомалары;

49) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;

50) жұмыс беруші өз жұмыскерлерін міндетті сақтандыру шарттары бойынша төлейтін сақтандыру сыйлықақылары;

51) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

52) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
52-1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотында ескерілетін кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасы;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
53) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.
53) осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар жұмыскерлерінің кірістері;

54) осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағында айқындалған коммерциялық емес ұйымның жарғылық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде осындай ұйыммен еңбек қатынастарында тұрмайтын және (немесе) қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау туралы шарт шеңберінен тыс жеке тұлғаның жол жүруіне, тұруына және тамақтануына арналған шығыстары түрінде алынған жеке тұлғаның кірістері;

55) резидент-жеке тұлға үш жыл және одан да көп мерзімге жасалған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша күнтізбелік жыл ішінде төлеген, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 320 еселенген мөлшері шегінде сақтандыру сыйлықақылары (егер шартта сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделген жағдайда – сақтандыру жарналары).

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін кірісті түзету сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) төлеу күні тура келетін салықтық кезеңде қолданылады және мыналар осындай түзетуді қолдану үшін растайтын құжаттар болып табылады:

салықтық шегерімді қолдану туралы өтініш;

жинақтаушы сақтандыру шарты;

сақтандыру жарналарын төлеу графигі (болған кезде);

сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) төленгенін растайтын құжат;

56) кірісі осы Кодекстің 681-бабының 2-1-тармағына сәйкес есептелген цифрлық активтерді өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс.

2. Егер салық агенті жеке тұлғаның кірістен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кеш өтініш жасауы себебінен жеке тұлғаның осындай кірісіне осы баптың 1-тармағының 13), 14) және 23) тармақшаларында көзделген кіріс түзетуді қолданбаған жағдайда, жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы, солардың негізінде салық агенті осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде кірістерге қайта есептеу жүргізеді.

Ескерту. 341-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 25.12.2017 № 121-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 196-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
37-тарау. САЛЫҚТЫҚ ШЕГЕРІМДЕР

Статья 1 ...339 340 341 342 343 ...780

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.


В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?


Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;


если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?


8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться