Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 373 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.03.2023

ҚР Салық кодексi
373-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы өткізу орны болып танылатын бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстарды, көрсеткен қызметтерді қосылған құн салығын төлеуші сатып алған кезде олар осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салуға жататын, қосылған құн салығын осындай төлеушінің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылады.  

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, егер: 

1) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің 394-бабында санамаланған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылса; 

2) осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қайтаруға жатпайтын импортталатын тауарлардың кедендік құнына енгізілсе; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақшаға енгізілген өзгерістер 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

3) мыналарға: 

осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының; 

осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлері бойынша осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына; 

ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартымен осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға жұмыстар орындалса және қызметтер көрсетілсе; 

4) осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны осы Кодекстің 444-бабына сәйкес айқындалатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 50-тарауына сәйкес қайтаруға жатпайтын салық салынатын импорттың мөлшеріне енгізілсе;  

5) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің 372-бабының 4-тармағына сәйкес бейрезидент-заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің айналымы болып табылса; 

6) дара кәсіпкер бейрезиденттен алған электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтердің құнына осы Кодекстің 25-бөліміне сәйкес төленген қосылған құн салығының сомасы қосылса, бейрезиденттен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды. 

Ескерту. 373-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...371 372 373 374 375 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! Я попал в аварию,пострадал пассажир. 345 часть 2 возбудили через 3 дня дело закрыли до суда! Решение Адм.штраф!освобожден от уг.ответсвенности !теперь прошло 3 года .не принимают на работу в погран войска.это законно? По СГО вроде могу!


Здравствуйте! Нам отказали в утверждении зем. проекта по вопросу разделения зем.участка по 109ст. Земельного Кодекса РК. Как нам быть?


Здравствуйте! Можно ли принять на работу человека который был уволен по ст.52 п.1 п.п.11 тк рк?


Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?


Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться