Ст. 372 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
372-бап. Үй жұмыскерінің кірісін қоса алғандағы жұмыскердің кірісі
1. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбек қатынастарының болуына байланысты еңбекке ақы төлеу және өзге де материалдық пайда түрінде жұмыс берушіден алуға жататын және (немесе) алынған кірістері жұмыскердің салық салуға жататын кірістері болып табылады. 2. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасында немесе оның шегінен тысқары жерде алғанына;
2) кіріс алынған нысанға қарамастан, жұмыскердің кірісі деп танылады.
3. Мыналар жұмыскердің салық салуға жататын кірістері болып табылады:
1) жұмыскердің жұмыс берушіден қайтарымсыз негізде меншігіне алған ақшасы;
2) жұмыскер:
жұмыс берушіден;
үшінші тұлғалардан меншігіне алған тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және өзге де мүліктің (ақшадан басқа) және жұмыс берушінің осындай үшінші тұлғаға және (немесе) жұмыскерге төлеген құны;
3) жұмыскер:
жұмыс берушіден;
үшінші тұлғалардан алған және жұмыс беруші осындай үшінші тұлғаға және (немесе) жұмыскерге төлеген орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны;
4) жұмыс берушінің жұмыскерге тауарларды өткізу құны мен:
тауарларды өткізу күніне жұмыс берушіде ескерілген қайта бағалау есепке алынбайтын осы тауарлардың баланстық құны немесе
жұмыс беруші бухгалтерлік есепке алуды жүзеге асырмайтын жағдайларда, сатып алу бағасы арасындағы теріс айырма;
5) жұмыс беруші жұмыскерге өтеусіз негізде орындаған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің құны мен жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстарының арасындағы теріс айырма;
6) жұмыс берушінің шешімі бойынша есептен шығарылған, тоқтатылған, кешірілген, жұмыскердің жұмыс беруші алдындағы борышының немесе міндеттемесінің сомасы.
Осы тармақтың ережелері жеке тұлға еңбек қатынастарында тұрған адамнан осындай еңбек қатынастарынан туындаған негіздер бойынша алынуға жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскер жұмыстан шығарылғаннан кейін төленетін кірістерге де қолданылады.
Осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларының ережелері жұмыскерде алынған мүлік, оның ішінде ақша, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін дебиторлық берешек туындаған кезде қолданылмайды.
4. Осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларының мақсаттары үшін алынған мүліктің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны қосылған құн салығының және акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып:
1) баланстық құны бойынша алынған мүлік оны берген күні беруші тұлғада ескерілген осындай баланстық құн мөлшерінде немесе баланстық құны болмаған кезде – мүлікті қабылдау-беру жүргізілген шартта немесе оның негізінде өзге де құжатта айқындалған мүліктің құны;
2) жұмыс берушінің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады.
5. Кірістердің мынадай түрлері жұмыскердің кірісіне жатпайды:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кіріс;
2) біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі және зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;
3) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс;
4) стипендиялар;
5) сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
6) мүліктік кіріс;
7) дара кәсіпкердің кірісі;
8) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;
9) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірістер.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР Салық кодексi 264-бап. Бейрезидент-өзара байланысты тараппен өзара есеп айырысу бойынша шегерімдердің ерекшеліктері О потребительском кооперативе ҚР Салық кодексi 182-бап. Куәгердің қатысуы ҚР Салық кодексi 96-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен шығару ерекшеліктері ҚР Салық кодексi 702-бап. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатқа қойылатын талаптарРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей