Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 381 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
381-бап. Жекелеген жағдайларда өткізу бойынша айналымның мөлшерін айқындау ерекшеліктері

1. Кепіл беруші кепілге салынған мүлікті сатып алушының немесе кепіл ұстаушының меншігіне берген кезде өткізу бойынша айналымның мөлшері кепіл берушіде: 

1) кепіл мүлкін өткізу кезінде – оған қосылған құн салығы қосылмай, қолданылған өткізу бағасы негізге алына отырып, өткізілетін кепілге салынған мүліктің құны мөлшерінде; 

2) кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының меншігіне айналдыру кезінде – мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаның қорытындысы негізінде сот шешімімен белгіленетін немесе сенім білдірілген тұлға белгілейтін, қосылған құн салығы қосылмаған ағымдағы бағалау құны мөлшерінде айқындалады. Бұл ретте сенім білдірілген тұлға кепілге салынған мүлік соттан тыс мәжбүрлі тәртіппен сауда-саттық арқылы өткізілген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.  

2. Бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауарды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде салық төлеушідегі өткізу бойынша айналымның мөлшері тауарды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде қолданылған өлшем бірліктерімен, қосылған құн салығы бойынша декларацияда тауарды экспортқа өткізу жөніндегі айналым көрсетілген осы тауардың құны негізінде кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауардың көлеміне пропорционалды айқындалады. 

3. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сату кезінде өткізу бойынша айналымның мөлшері бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған, сату кезінде берілетін мүліктің:  

1) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есептің деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырмаға ұлғайтылған;  

2) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есептің деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырмаға азайтылған баланстық құны мөлшерінде айқындалады.  

4. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде өткізу бойынша айналымның мөлшері: 

1) осы Кодекстің 379-бабы 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, айналымды жасау күніне – қаржы лизингі бойынша сыйақының және қосылған құн салығының сомасы енгізілмеген, қаржы лизингі шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлемнің мөлшері негізінде; 

2) осы Кодекстің 379-бабы 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, айналымды жасау күніне – қаржы лизингі бойынша сыйақының және қосылған құн салығының сомасы енгізілмеген, қаржы лизингі шартына сәйкес оларды алу мерзімінің басталу күні мүлік лизинг алушыға берілетін күнге дейін белгіленген барлық мерзімді лизингтік төлемдердің сомасы негізінде; 

3) осы Кодекстің 379-бабы 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, айналымды жасау күніне – қаржы лизингі бойынша сыйақының және қосылған құн салығының сомасы енгізілмеген, қаржы лизингі шарты бойынша алынған (алынуға жататын) барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы мен осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналымды жасаудың алдыңғы күндеріне тура келетін салық салынатын айналымдар мөлшерлерінің сомасы ретінде айқындалатын салық салынатын айналымның мөлшері арасындағы айырма ретінде; 

4) осы Кодекстің 379-бабы 11-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, айналымды жасау күніне – сыйақының есепке жазылған сомасы мөлшерінде айқындалады.  

5. Егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, тауарларды өтеусіз беру кезінде өткізу бойынша айналымның мөлшері оларды беру күніне салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде көрсетуге жататын (көрсетілген) берілетін тауарлардың баланстық құны мөлшерінде айқындалады.  

Өтеусіз орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша өткізу бойынша айналымның мөлшері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген жағдайда: 

жұмыстарды өтеусіз орындауға, қызметтерді көрсетуге пайдаланылса; 

осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығы, пропорционалды әдіспен айқындалғанды қоса алғанда, есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы ретінде есепке алынса;  

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде шығыстарға жатқызылуға тиіс болса (жатқызылса), тауарлардың баланстық құны, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алына отырып айқындалады.  

Тіркелген активтер, сондай-ақ осы Кодекстің 228-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген активтер салық салынатын айналымға қосу үшін өтеусіз пайдалануға берілген жағдайда олардың құны мынадай тәртіппен айқындалады:  

Қа = (ҚҚС са/Мп) х Тн/мөлшерлеме, 

мұнда: 

Қа – өтеусіз пайдалануға беру кезінде салық салынатын айналымға енгізілетін актив құны; 

ҚҚС са – өтеусіз пайдалануға берілетін активті сатып алу кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы; 

Мп – күнтізбелік айлармен есептелген активті пайдалану мерзімі, ол: 

бухгалтерлік есепте амортизацияға жататын активтер бойынша – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес амортизация үшін бухгалтерлік есепте айқындалған активті пайдалы пайдалану мерзімі ретінде; 

өзге активтер бойынша – активке техникалық құжаттама негізінде айқындалған актив қызметінің мерзімі ретінде, ал мұндай құжаттама болмаған кезде – 120 ай деп айқындалады; 

Тн – есепті салықтық кезеңге тура келетін пайдалануға берілетін айлардың нақты саны; 

мөлшерлеме – пайдалануға беру күніне қолданыста болатын қосылған құн салығының пайызбен мөлшерлемесі. 

6. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша талап ету құқығын басқаға беру кезінде өткізу бойынша айналымның мөлшері ол бойынша басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады. 

7. Өткізу бойынша айналымның мөлшері мыналарда: 

1) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келіскен кезде – кәсіпкерлік қызметті шектеу немесе тоқтату туралы шартта; 

2) кредит (қарыз, микрокредит) берілген кезде – кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шартта; 

3) сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен, сенім білдірілген өкіл сенім білдіруші үшін сатып алған тауарларды сенім білдірушіге берген, сондай-ақ сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің атынан және есебінен үшінші тұлғамен жасасқан мәміле бойынша осындай үшінші тұлғаның сенім білдіруші үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде – тапсырма шартында көзделген сыйақы мөлшерінде, оған қосылған құн салығы қосылмай айқындалады.  

8. Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ислам банкі осы Кодекстің 372-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландырған кезде өткізу бойынша айналымның мөлшері ислам банкінің алуына жататын кіріс мөлшерінде айқындалады. 

Осы тармақтың мақсатында ислам банкі алуға тиіс кіріске Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартының талаптарында айқындалатын, сатып алушыға өткізілетін тауарға үстеме бағаның сомасы жатады.  

Осы тармақтың ережелері сатып алушы коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкі тауарды үшінші тұлғаға өткізген жағдайларға қолданылмайды. 

9. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі кезінде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасасқан мәмiле бойынша осындай үшінші тұлғаның комитент үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комиссионердің өткізу бойынша айналымының мөлшері мынадай сомалардың бірінің:  

оған қосылған құн салығын қоспай оның комиссиялық сыйақысының; 

бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша комиссионердің айналымы болып табылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының мөлшерінде айқындалады. 

10. Тасымалдаушы және (немесе) басқа да өнім берушілер көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін көлiк экспедициясы шартында айқындалған жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде экспедитордың өткізу бойынша айналымының мөлшері мынадай сомалардың: 

көлік экспедициясы шартында көзделген, оған қосылған құн салығын қоспай оның сыйақысының; 

бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша экспедитордың айналымы болып табылатын жұмыстардың, қызметтердің құны мөлшерінде айқындалады. 

11. Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылғанды қоса алғанда, мерзімді баспасөз басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу бойынша айналымның мөлшері мәмiле тараптары қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, оларға қосылған құн салығын қоспай, есепті салықтық кезеңде берілген (тиеп-жөнелтілген, орналастырылған) мерзімді баспасөз басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу құны ретінде айқындалады. 

12. Жұмыс берушінің жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебіне жұмыскерге тауарды беруі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде өткізу бойынша айналымның мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады: 

Аө = Жж х 100/(100+мөлшерлемесі), мұнда: 

Аө – жұмыс берушінің жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебіне жұмыскерге тауарды беруі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезіндегі өткізу бойынша айналым; 

мөлшерлеме – қосылған құн салығының тауар берілген күнге қолданыста болатын пайызбен мөлшерлемесі; 

Жж – жұмыскерге төлеуге жататын, өтеу есебіне тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын сома. 

13. Осы Кодекстің 394-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардан басқа, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауар жоғалған кезде өткізу бойынша айналымның мөлшері салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) тауарлардың жоғалған күнге баланстық құны мөлшерінде айқындалады. 

14. Осы Кодекстің 372-бабы 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қайтарылатын ыдыс деп танылған және белгіленген мерзімде қайтарылмаған ыдысты өткізу бойынша айналымның мөлшері бухгалтерлік есепте көрсетуге жататын (көрсетілген), осындай ыдысты қайтару күніне оның баланстық құны ретінде айқындалады. 

15. Осы баптың 1 – 14-тармақтарының ережелеріне қарамастан, өткізу бойынша айналымның мөлшері: 

1) заңды тұлға жеке тұлғалардан сатып алған автомобильдер жеке тұлғаға өткізілген кезде – автомобильдерді өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде; 

2) туроператордың шығу туризмі бойынша қызметтері көрсетілген кезде – туристік өнімді өткізу құны мен жолаушыларды сақтандыру, тасымалдау және тұру, оның ішінде егер осындай тамақтану құны тұру құнына енгізілген болса, тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтердің, туристік агент сыйақысының құны арасындағы оң айырма ретінде; 

3) бағалы қағаздармен, қатысу үлесімен жасалатын операциялар жүзеге асырылған кезде – осы Кодекстің 228-бабына сәйкес айқындалатын, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін өткізу кезіндегі құн өсімі ретінде; 

4) тауарларды сатып алу күніне қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес осы тауарларды сатып алу кезінде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп танылмайтын тауарлар өткiзілген кезде – тауардың өткiзу құны мен ол берілген күнге бухгалтерлік есепте көрсетілген баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде;  

5) тауар: 

заңды тұлға таратылған кезде немесе жарғылық капиталды азайту кезінде мүлікті бөлу кезінде акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға берілген кезде – қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмай, оны беру күніне осындай тауарды беретін заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінде көрсетуге жататын (көрсетілген), берілетін тауардың баланстық құны мен мүлікті бөлу соларға пропорционалды жүзеге асырылатын қатысу үлесіне, акциялардың санына тура келетін төленген жарғылық капиталдың мөлшері арасындағы оң айырма ретiнде; 

заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғадағы қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған кезде осындай қатысушыға, құрылтайшыға берілген кезде – қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмай, оны беру күніне осындай тауарды беретін заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінде көрсетуге жататын (көрсетілген), берілетін тауардың баланстық құны мен сатып алынатын қатысу үлесіне тура келетін төленген жарғылық капиталдың мөлшері арасындағы оң айырма ретiнде; 

эмитент-заңды тұлға акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алған кезде акционерге берілген кезде – қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмай, оны беру күніне осындай тауарды беретін заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінде көрсетуге жататын (көрсетілген), берілетін тауардың баланстық құны мен сатып алынатын акциялар санына тура келетін төленген жарғылық капиталдың мөлшері арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады. 

16. Осы Кодекстің 16-бөлімінде көзделген казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету кезінде айналымның мөлшері салықтық кезеңде казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кіріс сомасы бойынша айқындалады. 

17. Лотерея операторының лотерея билеттерін, квитанцияларды немесе өзге де құжаттарды өткізуі кезіндегі айналымның мөлшері мынадай сомалардың бірінің: 

1) "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптасқан жүлде қорының сомасын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бөлінген аударымдарды және растайтын құжаттар бар болған кезде лотереяны өткізуге байланысты шығыстарды шегергендегі өткізілген лотерея билеттерінің, квитанциялардың немесе өзге де құжаттардың құны; 

2) егер осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалған сома өткізілген лотерея билеттері, квитанциялар немесе өзге де құжаттар құнының төрт пайызынан кем болған жағдайда, өткізілетін лотерея билеттері, квитанциялар немесе өзге де құжаттар құнының төрт пайызы мөлшерінде айқындалады. 

Ескерту. 381-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...379 380 381 382 383 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться