Ст. 392 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
392-бап. Аффинирленген алтынды өткізу бойынша айналым
1. Бағалы металдар өндірісінің субъектілері және оны қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар болып табылатын салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған аффинирленген алтынды өткізуі бойынша айналымға қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады. 2. Мыналар нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген айналымды растайтын құжаттар болып табылады:
1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген аффинирленген алтынның құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) аффинирленген алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аффинирленген алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Осы баптың мақсатында салық төлеуші дербес өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізат өз өндiрiсiнің шикiзаты деп түсініледі.
Лучшие юристы





Здравствуйте,Где можно посмотреть новую классификацию основных средств на 2021 год
сушествует ли срок исковой давности по кредиту
Здравствуйте Я учительница инвалид 2 группы.Допустимо ли забрать часы ссылаясь на инвалидность?
на какой минимальной высоте может летать самолет над населенным пунктом?
добрый день. работник допустил грубую ошибку в работе повлекшую убытки в очень крупном размере. имеет ли право работодатель перевести данного работника на должность ступенью ниже?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей