Ст. 391 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
391-бап. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері
Ескерту. 391-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 1. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылатын немесе өткізілетін тауарларды осындай арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.
Осы баптың мақсаттары үшін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) және кедендік бақылаудағы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар деп тауарлар түсініледі.
2. Мыналар шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылатын немесе өткізілетін тауарларды өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымды растайтын құжаттар болып табылады:
1) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен және (немесе) тұлғалармен тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);
2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса беріле отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;
3) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға және (немесе) тұлғаларға тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) тұлғалардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
3. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының асып кетуін қайтару арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі.
4. Осы бапқа сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың өткізілгенін немесе іс жүзінде тұтынылғанын растайтын, арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ұсынған деректер негізінде қалыптастырылатын кеден органының мәліметтері есепке алынады.
Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген шарттарды орындамаған жағдайда еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар салық салынатын импорт деп танылады және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып, Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап оларға қосылған құн салығы салуға жатады.
Ескерту. 391-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Мәдениет туралы 20-бап. Мәдениет ұйымдары Ақша төлемi мен аударымы туралы 11-1-бап. Төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесi Налоговый Кодекс РК Статья 712. Налогообложение организаций, реализующих инвестиционные приоритетные проекты Электр энергетикасы туралы 9-1-бап. Жалпы ережелер Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы 12-бап. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей