Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 486 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

ҚР Салық кодексi
486-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі

1. Әлеуметтік салық сомасы осы Кодекстің 484-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 484-бабының 2-тармағында айқындалған салық салу объектісіне осы Кодекстің 485-бабының 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.  

2. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 484-бабының 1-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне осы Кодекстің 485-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы жүргізеді.  

3. Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы есептелген әлеуметтік салық пен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.  

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салықтың сомасынан асып кеткен немесе олардың сомалары тең болған кезде бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.  

4. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік салықты осы Кодекстің 709-бабының 9-тармағында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді. 

5. Мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган өз шешімімен өздерінің құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) аумақтық органдарының: 

осындай мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу; 

осындай мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың жұмыскерлеріне есепке жазылған, төленген, төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндетті бір мезгілде орындауын тануға құқылы. 

6. Мемлекеттік мекемелер салықтық кезең үшін есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленген еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.  

7. Салықтық кезеңде осы баптың 6-тармағында көрсетілген төленген әлеуметтiк жәрдемақы сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесі салықтық кезеңге ауыстырылады. 

Ескерту. 486-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...484 485 486 487 488 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;


если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?


8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная



несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться