Ст. 487 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
487-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау әдістері
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы баптың 3-тармағында көрсетілгеннен басқа қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын мынадай әдістердің бірімен:
пропорционалды әдіспен;
салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындайды.
2. Есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын мынадай тұлғалар бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айналымдардың жекелеген түрлері бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындауға құқылы:
1) кепіл мүлкін (тауарларды) алуға және өткізуге байланысты айналымдар бойынша – банк ұйымдары және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақша 01.01.2028 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен.
2) мыналарды:
бас банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша өндіріп алуды қолдану нәтижесінде алынған кепіл мүлкін (тауарды);
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және банктің еншілес ұйымы бас банктен сатып алған мүлікті (тауарды) сатып алуға, иеленуге және (немесе) өткізуге байланысты айналымдар бойынша – бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы;
3) мүлікті қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша – лизинг беруші. Қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуға байланысты лизинг берушінің шығындары салық салынатын айналымның мақсаттары үшін жұмсалған шығындар ретінде қаралады;
4) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шартсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру бойынша – ислам банкі;
5) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу-сату операциялары бойынша – қосылған құн салығын төлеуші;
6) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) арналған лицензиясы бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туроператордың қызметтерін көрсету мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алуды қалған қызметтен бөлек жүргізеді. Туроператордың қызметтерін көрсету мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алу осы Кодекстің 474-бабының 10) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым және салық салынатын айналым бойынша бөлек жүргізіледі;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен.
7) мыналарды:
банктен сатып алынған активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша осындай банктен алынған кепіл мүлкін (тауарды);
кепiлге салынған мүлiкке өндiрiп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым осындай банктен сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша алған мүлікті (тауарды) сатып алуға, иелік етуге және (немесе) өткізуге байланысты айналымдар бойынша – есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым.
3. Объектілер салуды жүзеге асыратын тұлға өткізуге арналған құрылыс объектілері бойынша әрбір құрылыс объектісін салу процесінде пайдаланылатын жатқан немесе пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы сомаларын бөлек есепке алуды жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.
Өзге айналым бойынша мұндай тұлға осы Кодекстің 488-бабына сәйкес пропорционалды әдіспен есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын айқындауға құқылы.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Салық кодексi 582-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық төлеушiні тiркеудi және оны тіркеу есебіне алуды жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы ҚР Салық кодексi 272-бап. Қосылған құн салығын қайтару ҚР Салық кодексi 489-бап. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарының төлемақыны есептеуі мен төлеуінің ерекшелiктерi ҚР Салық кодексi 230-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша кіріс ҚР Салық кодексi 46-бап. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзіміРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей