Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 498 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР Салық кодексi
498-бап. Төлеушілер

1. Мынадай: 

1) жеке меншiк құқығында; 

2) тұрақты жер пайдалану құқығында; 

3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектiлерi бар тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады. 

2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін жер салығын өз бетінше төлеуші деп тануға құқылы. 

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Егер жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі жер салығын өз бетінше төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар жер салығын төлеушiлер болып табылмайды: 

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер – осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша; 

2) мемлекеттік мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары; 

3) қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары; 

4) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

6) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

7) дiни бiрлестiктер. 

4. Осы баптың 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүлікті жалға беру (жалдау) шарты бойынша берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады. 

5. Мемлекеттік мекемелер сенімгерлік басқаруға берген жер учаскелері бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады. 

Ескерту. 498-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.05.2020 № 324-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...496 497 498 499 500 ...781

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

да, можно, но не автоматически — всё зависит от законодательства о закупках и условий конкурсной документации.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться