Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 496 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

ҚР Салық кодексi
496-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып берудің ерекшеліктері

1. Бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде: 

1) шот-фактураны бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірі өнім берушіге (сатушыға) бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының деректемелерін көрсете отырып жазып береді; 

2) шот-фактурада айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесілі айналым сомасы көрсетіледі. 

2. Бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде: 

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші жазып берген шот-фактурада алушыға (сатып алушыға) бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының деректемелерін көрсете отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы (сатып алушы) ретінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірі көрсетіледі; 

2) шот-фактурада сатып алудың жалпы сомасы, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесілі қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. 

3. Егер бірлескен қызмет шарты бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуді немесе сатып алуды сенім білдірілген өкіл жүргізсе, сенім білдірілген өкілдің деректемелері шот-фактурада өнім берушінің сенім білдірілген өкілінің деректемелері немесе алушының сенім білдірілген өкілі үшін бөлініп берілген жолда көрсетіледі, ал бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың деректемелері және айналым сомасы немесе сатып алу сомасы осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері ескеріле отырып көрсетіледі. 

4. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператор тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген (сатып алған) кезде қолданылмайды.

Статья 1 ...494 495 496 497 498 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.


я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться