Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 553 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2025

ҚР Салық кодексi
553-бап. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері

1. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай алымдарды төлеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша – АЕК) еселенген мөлшерде айқындалады. 

2. Коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 
Р/с
№ 
Тіркеу әрекеттерінің түрлері 
Мөлшерлемелер (АЕК) 



1. 
Коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:  

1.1. 
заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін 
6,5 
1.3. 
саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін 
14 
2. 
Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: 

2.1. 
мемлекеттік тіркегені, қызметтің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін 

2.2. 
қайта тіркегені үшін 
0,5 
3. 
Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: 

3.1. 
тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) 

3.2. 
қайта тіркегені, қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), есептік тіркеуден шығарғаны үшін 

 

3. Алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 
Р/с
№ 
Тіркеу әрекеттерінің түрлері 
Мөлшер-лемелер (АЕК) 
1. 


– 16. 
Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі). 

17. 
Жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін: 

17.1. 
жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын тіркегені үшін: 

17.1.1. 
жеке тұлғалардан** 

17.1.2. 
заңды тұлғалардан  

17.1.3. 
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан 

17.2. 
жылжымалы мүлік кепілінің және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін ** 
0,5 
 

Ескертпе. 

Нөлдік мөлшерлеме мыналарды мемлекеттік тіркеген кезде қолданылады: 

1) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) мына адамдардың жылжымалы мүлік кепілі, кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасы: ** 

Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі; 

қандастар.  

4. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды, көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 
Р/с
№ 
Тіркеу әрекеттерінің түрлері 
Мөлшерлемелер (АЕК) 



1. 
Мыналарды мемлекеттік тіркегені үшін: 

1.1. 
механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралынан басқа) немесе тіркемені 
0,25 
1.2. 
теңіз кемелерін 
60 
1.3. 
өзен кемелерін 
15 
1.4. 
шағын көлемді флот кемелерін: 

1.4.1. 
қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді 

1.4.2. 
қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді 

1.4.3. 
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді 
1,5 
1.5. 
алып тасталдды – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
1.6. 
ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды 
14 
1.7. 
қалалық рельсті көлікті 
0,25 
1.8. 
теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын 
0,25 
2. 
Қайта тіркегені үшін: 

2.1. 
механикалық көлік құралын немесе тіркемені 
0,25 
2.2. 
теңіз кемелерін 
30 
2.3. 
өзен кемелерін 
7,5 
2.4. 
шағын көлемді флот кемелерін: 

2.4.1. 
қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді 
1,5 
2.4.2. 
қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді 

2.4.3. 
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді 
0,75 
2.5. 
алып тасталдды – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
2.6. 
қалалық рельсті көлікті 
0,25 
2.7. 
теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын 
0,25 
3. 
Мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін: 

3.1. 
механикалық көлік құралын немесе тіркемені 
0,25 
3.2. 
теңіз кемелерін 
15 
3.3. 
өзен кемелерін 
3,75 
3.4. 
шағын көлемді флот кемелерін: 

3.4.1. 
қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді 
0,75 
3.4.2. 
қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді 
0,5 
3.4.3. 
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді 
0,38 
3.5. 
алып тасталдды – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
3.6. 
қалалық рельсті көлікті 
0,25 
3.7. 
теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын 
0,25 
4. 
Механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін: 

4.1. 
гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар М1 санатындағы көлік құралдары: 

4.1.1. 
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін 
0,25 
4.1.2. 
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін 
25 
4.1.3. 
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары 
250 
4.2. 
электр қозғалтқыштары бар көлік құралдарын қоспағанда, М1 санатындағы көлік құралдары: 

4.2.1. 
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін 
0,25 
4.2.2. 
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін 
50 
4.2.3. 
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары 
500 
4.3. 
М2, М3, N1, N2, N3 санатындағы көлік құралдары (ершікті тартқыштарды қоспағанда): 

4.3.1. 
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін 
0,25 
4.3.2. 
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін 
240 
4.3.3. 
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 5 жылға дейін 
350 
4.3.4. 
шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жыл және одан жоғары 
2500 
4.4. 
N3 санатындағы көлік құралдары (ершікті тартқыштар): 

4.4.1. 
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін 
0,25 
4.4.2. 
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін 
240 
4.4.3. 
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 7 жылға дейін 
350 
4.4.4. 
шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жыл және одан жоғары 
2500 
 

5. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 
Р/с
№ 
Тіркеу әрекеттерінің түрлері 
Мөлшер-лемелер
(АЕК) 



1. 
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркегені үшін 
11 
2. 
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қайта тіркегені үшін 

3. 
Мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін: 
0,7 
 

6. Алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7. Теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қойғаны үшiн алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 
Р/с
№ 
Тіркеу әрекеттерінің түрлері 
Мөлшерлемелер (АЕК) 



1. 
Теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қою: 

1.1. 
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы 

1.2. 
өзге тақырыптағы 

2. 
Мерзiмдi баспасөз басылымының, интернет-басылымның есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру: 

2.1. 
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы 
1,6 
2.2. 
өзге тақырыптағы 

 

8. Алып тасталды – ҚР 02.07.2020 № 354-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Ескерту. 553-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.05.2020 № 324-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 № 354-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 105-VIII ("Масс-медиа туралы" ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...551 552 553 554 555 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?


Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда


И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо


Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка


Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться