Ст. 565 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
565-бап. Салықтық есептілік
1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша дара кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер салық органдарына: 1) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша – уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша;
2) жер қойнауы учаскесінің орналасқан жері бойынша – жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің төлемақысы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады.
2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын есептi салықтық кезеңнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей ұсынады.
3. Есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасқан немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия алған тұлғалар ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған немесе лицензия алынған айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей ұсынады.
4. Есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен уақытша жер пайдалану туралы шарт бұзылған немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде шарт қолданылуының мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ағымдағы төлем сомаларының қосымша есеп-қисабы ұсынылады.
3-параграф. Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
Лучшие юристы





Просьба помочь, прилетаем с командировки и обнаружили, что у нас на парковке посторонний человек устроил склад мебели. Мы вскрыли склад, мебель вывезли, после чего нашлась хозяйка и написала на нас заявление в полицию, что делать в данной ситуации? Посторонний человек ворвался на частную территорию без нашего ведома.
Кто полномочен расследовать мошеннические действия сообщества в составе полиции, судьи и прокуратуры направленные на изъятие без юридических оснований автомобиля и последующего его исчезновения. Полиция заявления оставляет без рассмотрения.
Сәлеметсіз бе! Бюджеттік мекеме ликвидация кетіп жатыр. Мекеме қызметкерлері компенсация қандай мөлшерде беріледі. Және сынақ мерзіміндегі қызметкерге компенсациялық төлем төлене ме?
Добрый день! Обязано ли представлять декларацию ф.270 если человек уволен с госслужбы,
У меня в придомовом подземном паркинге украли вещи на сумму более 40тыс тенге. Есть видео лиц, которые украли. Эти же люди пару дней назад, украли у другого человека тоже. Но следователь утверждает, что паркинг общественное место, и вещи мной там оставленные в случае кражи кем-то неизвестным, не является кражей, а просто становится его находкой. И дело прекращается автоматически на следующие сутки за неимением состава преступления. Это правильно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей