Ст. 564-1 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
564-1-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауы учаскелері үшін төлемақыны есептеу және төлеу тәртібі
1. Жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша төлемақының жылдық сомасын есепті жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша лицензия қолданылған жағдайда және оның қолданылуы аяқталғанға дейін – есепті салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірмей немесе лицензияны есепті жылдың 1 ақпанын қоса алғанға дейін алған кезде – осы Кодекстің 563-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелер бойынша айқындалатын төлемақының жылдық сомасы мөлшерінде төлейді.
2. Егер есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанындағы жағдай бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылу мерзімі ағымдағы салықтық кезеңде өтетіні белгілі болса, онда есепті салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде мұндай лицензияның нақты қолданылу кезеңі үшін осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген төлемақы төленуге тиіс.
3. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанынан кейін алынған немесе есепті салықтық кезең ішінде лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы төлемақы сомасын осы Кодекстің 563-бабының 1-тармағында белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін және осындай лицензияның есепті салықтық кезеңде нақты қолданылу кезеңін негізге ала отырып айқындайды.
Бұл ретте лицензияның нақты қолданылу кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер мұндай лицензия салықтық кезең басталатын күнге қолданыста болса) немесе мұндай лицензия қолданыла бастаған айдың 1-күнінен бастап мұндай лицензияның қолданылуы тоқтатылған айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер мұндай лицензия салықтық кезең аяқталатын күнге қолданыста болса) айқындалады.
4. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанынан кейін алынған немесе оның қолданылуы тоқтатылған жағдайларда осындай лицензияның нақты қолданылу кезеңі үшін төлемақы сомасы лицензияның қолданылу мерзімі өткен тоқсаннан кейінгі тоқсанның екінші айының 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке енгізілуге жатады.
5. Төлемақы сомасы жер қойнауы учаскесінің орналасқан жері бойынша – пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің төлемақысы бойынша бюджетке төленеді.
Ескерту. 564-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.
В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей