Ст. 573 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
573-бап. Жалпы ережелер
1. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес тиісті экологиялық рұқсат пен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация негізінде жүзеге асырылатын, ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділері (қоршаған ортаға эмиссия), күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны және қалдықтарды көмгені үшін алынады. 2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауына қатысты табиғат пайдаланушылар жөніндегі мәліметтерді (уақытша сақтаудың көлемдері, белгіленген мерзімдері, нақты орналастыру кезеңі) ұсынады.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына тексерулерді (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау ескеріле отырып, белгіленген қоршаған ортаға теріс әсер етудің нақты көлемдері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау мерзімдері өткен соң он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Ескерту. 573-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 402-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я нахожусь в декретном отпуске 1,5 года, компания просит, чтобы я уволилась в связи с ликвидацией компании, уведомление о ликвидации компании выставили 17 марта, прислали на почту 20 марта, в уведомлении ссылаются на статью 52 1 пункт, а про компенсацию ничего не написали, подскажите пожалуйста, какую компенсацию они мне должны выплатить и могу ли я подписывать такой документ?
Здравствуйте!
В магазине отказались принимать наличные деньги(тенге). Кассир заявил, что принимают оплату толька картой или кьюар. Законно ли деиствие магазина?
Мужа задержали,так как он не являлся на отметку в органы пробации, до этого был освобождён по статье УК 44рк
На данный момент 30го числа будет суд и время его провождения под стражей 26 дней, суд будет о замене ??его наказания но при этом учитываются статьи 476,477,480 что можно сделать, так как в положении и до родов не далеко осталось, у него ещё есть не совершенно летняя дочь,
При рассмотрении суда могут ли ему дать условный срок отбытия наказания ?
В административном кодексе закон обратной силы не имеет, то есть вы не сможете восстановить водительское удостоверение, так как совершили правонарушение в момент действия закона в то время и изменить решение суда не получится по истечению установленных сроков
В данном законе в статье 26 указано, что действие статей 18-24 настоящего Закона распространяется на жертв политических репрессий, реабилитированных до вступления настоящего Закона в силу, то есть в связи с принятием данного закона, они распространяются на реабилитированных до и после принятия закона.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей