Ст. 580 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
580-бап. Жалпы ережелер
1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады. 2. Жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан алып қоюға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
3. Төлемақы:
1) жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, қоныс аударту, қолдан өсіру және шағылыстыру мақсаттары үшiн алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, қолдан өсірілген әрі еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланған кезде;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде;
4) халық денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурулардан қорғау, қоршаған ортаға зиянды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қойған кезде алынбайды.
4. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді ұсынады.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей